5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Несиені өтеу мерзімін ұзарту шарттары

Несиені өтеу мерзімін ұзарту шарттары

«Аграрлық несиелік корпорация»(ары қарай – АНК) Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты, өз қарызгерлеріне қолдау көрсетіп, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 15 маусымына дейін несиені өтеу мерзімін 3 (үш) айға ұзартуға шешім қабылдады.

Несиені өтеу мерзімін ұзарту шарттары:

1. АНК-мен 2020 жылдың 16 наурызына дейін берілген барлық несиелер;

2 АНК ТЖ жариялануы себебінен қаржылық жағдайы нашарлаған әр қарызгердің өтінішін  жеке қарастырады;

3. Қарызгер өткізілген тауар немесе(және) қызмет көлемінің төмендеуін, кідірістерді, уақытша тоқтатуларды, өнімді сатып алушылар тарапынан төлем мерзімін кешеуілдетуін растайтын құжаттарды тапсыруы қажет. Құжаттар тізімі төменде көрсетілген. 

ҚАРЫЗГЕР КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ОРЫНДАУҒА МІНДЕТТІ:

1 ҚАДАМ: Қарыз сомасы, ұзарту мерзімі, қаржылық  жағдайдың нашарлауын дәлелдейтін себептерді белгілей отырып, несиені өтеу мерзімін ұзатуға қолдан өтініш жазу. Өтінішті сканерлеу немесе суретке түсіру;

2 ҚАДАМ: Төменде келтірілген қаржылық жағдайдың нашарлауын дәлелдейтін құжаттардың бірін немесе бірнешеуін сканерлеу немесе суретке түсіру:

  • Өндіріліп жатқан өнімді жеткізу бойынша келісім-шарттар;
  • Сатып алушының тарапынан өнімді сатып алуды уақытша тоқтатуы жайлы хабарлама;
  • Дайын өнімдер/тауар-материалды құндылықтар/аяқталмаған өнімдердің бар екендігін растайтын анықтама;
  • Жабдықтаушылар тарапынан шикізат/өнім жеткізуді уақытша тоқтату жайлы жазбаша мәлімдеме;
  • Бүлінген және жарамсыз өнімдердің утилизациясы/жойылуы актілері.

*Қаржылық жағдайдың нашарлауын дәлелдейтін өзге де құжаттар.

3 ҚАДАМ: 1 және 2 ҚАДАМДАР негізіндегі құжаттарды info@agrocredit.kz электронды поштасына немесе кез-келген байланыс жолдарымен АНК маманына жеткізу;

ҚАДАМ: АНК шешімін күту. Шешім әр қарызгер бойынша жеке қабылданып, нәтижесі қарызгердің электронды поштасына немесе өзге де байланыс құралдарына жолданады.

Несиені өтеу мерзімін ұзарту үрдісі бойынша анықтама беру 5115 телефон нөміріндегі Қолдау орталығы арқылы жүргізіледі.