5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Микронесие барлық кәсіпкерге қолжетімді

Микронесие барлық кәсіпкерге қолжетімді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы микроқаржы ұйымдарын (МҚҰ) қаржыландыру үшін кредиттік желілер ашты. Қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен құрылған 15 микроқаржы ұйымы «Аграрлық несие корпорациясының» серіктесі. Ендігі кезекте аталған қаржы ұйымдары шағын бизнес үшін де жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие бере бастайды.

Ауыл шаруашылығын ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдыруда оны мем­лекет тарапынан қолдау тетіктерін қарастыру мәселесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында айрықша назар аударады. Стра­тегиялық құжатта Мемлекет бас­шысы микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосуға шақырады. Өйткені жергілікті жерде жұмыс істейтін бұл қаржы институттары тұтынушыларының мүмкін­дік­терін жақсы біледі.

Жеңілдетілген несиені «Бас­тау Бизнес» сияқты мемлекеттік бағ­дарламалар арқылы кәсіп­керлік негіздері бойынша оқыту курс­тарын тәмамдағандар ала алады.

– Олардың бизнес-баста­ма­ларын қолдау үшін Жұмыспен қам­ту Жол картасы бағдарламасы аясында 22,5 миллиард теңге бө­лінді. Бұл қаражат ісін жаңа бас­таған кәсіпкерлерге, шағын биз­нес өкілдеріне, оның ішінде от­ба­сылық және әлеуметтік кәсіпкер­лікті дамытуға бағыт­талған. Қар­жылай қолдау тө­мен­детілген па­йыздық мөлшер­ле­ме­мен жеңіл­детілген несие тү­рінде беріледі. Мал шаруашылығы са­ласындағы жобаларды не­сие­лендіру мерзімі 7 жыл, басқа салаларда 5 жылды құрайды, – дейді «Аграрлық не­сие корпо­рациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынба­сары Айжан Кенжебаева.

Осылайша, Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сай микронесиелендіру қолжетімді бола түсті. Ең бастысы, қолдау шаралары ісін жаңа бастаған кә­сіпкерлердің аяққа нық тұруына мол мүмкіндік береді.

Несиеге өтінім беру үшін кә­сіп­кердің қолында «Бастау Биз­нес» жобасының немесе басқа да мемлекеттік бағдар­ламалар ая­сында кәсіпкерлік негіздері бо­йынша курстан өткенін растайтын сертификаты және кепіл мүлкі болуы қажет. Және өзінің бизнес-жоспарын сәтті қорғаған қаты­сушы ғана микроқаржы ұйымы­нан несие рәсімдей алады.

Микронесиенің ең жоғары сомасы ауылдық елді мекендер (олардың әкімшілік бағынысты­лығына қарамастан) мен шағын қалалардың тұрғындары үшін 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін болса (7,2 млн теңге); қала­ларда, моноқалаларда (Шым­кент, Ақтау, Атыраудан басқа) – 6,5 мың айлық есептік көрсет­кішке тең (18,9 млн теңге). Ал Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында бұл көрсеткіш 23,3 миллион теңгенің көлемінде.
Қазір кәсіпкерлердің микро­қаржы ұйымдарынан бюджеттік несие алуға мүмкіндіктері бар. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ микроқаржы ұйымдарынан жалпы сомасы 4 миллиард 700 мил­лион теңгеге өтінім қабыл­да­ды. Бүгінге дейін өтінімдерге сай жалпы көлемі 2,6 миллиард теңге болатын микронесие берілді.

Осы бағдарламаны іске асыру арқылы «Аграрлық несие корпо­рациясы» АҚ шағын кәсіпкерлерді қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етуге мүдделі. Өз ке­зегінде қолдаудың дәл осы түрі арқылы ауылдық жерлерде аза­маттардың әл-ауқаты артып, жаңа өндіріс ошақтары ашылады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, қыз­мет көрсету саласы дами түседі.

Ш.Күзекбаев

Дереккөз: aikyn.kz