Юрий Иванюшкиннің серіктестігін небәрі үш жыл бұрын құрған. Алғашқы жылы диірмен ашып, бидай сатып алып ұн тартыпты. Келесі жылы сол астықты өзі егіп, шикізатпен өзін-өзі қамтамасыз етуге бел буған.
«2020 жылы Аграрлық несие корпорациясының қаржысына Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Чапаево ауылында 15 гектар жерге бидай мен арпа ектік. Биыл алқапты 20 гектарға дейін арттырдық», - дейді «START 2019» ЖШС басшысы Юрий Владимирұлы.
Кәсіпорынның жобалық қуаты - тәулігіне 300 тонна ұн. Әзірге өзінің астығы диірменге толық жетпейді. Бірақ бұл белес алыс емес. Былтыр сол бұрынғы сенімді серіктесі – Аграрлық несие корпорациясының қаржысына агротехника алса, биыл «Кең дала» бағдарламасы бойынша несиеге жүгінген.
Айта кетейік, «Кең дала» бағдарламасы бойынша несие ауыл шаруашылығ тауар өндірушілеріне көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін беріледі. Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша тағы 70 млрд теңге бөлініп, өсімдік шаруашылығына жалпы 140 млрд теңге қарастырылып отыр.
Сурет: agroinvestor.ru
Бидай егіп, ұн тартқан
