5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Сүт өндірісін жолға қойды

Сүт өндірісін жолға қойды

Кереку өңіріндегі «Ақтоғай-Агро» сан саланы қамтыған заманауи ірі серіктестіктің бірі. Құрылғанына 20 жылдай болған кәсіпорындағы 5 саланың бірі агробизнес. Ферма ұзақ жыл бойы гектарлап дәнді және бақша дақылдарын еккен. Алайда заманауи агробизнестің талабы жан-жақтылық емес пе? Кәсіп иесі бірнеше жылдан соң ішкі нарықта тапшы сүт өндірісін қолға алыпты. 2021 жылы Аграрлық несие корпорациясынан несие алып шетелдің озық құралымен жабдықталған тауарлы-сүт фермасын құруға кіріскен екен.

«Аграрлық несие корпорациясынан бірінші рет несие алдық. Біздің ферма 1200 сиырға есептелген, соның мыңы сауылады. Сүтті-етті бағыттағы симменталь құнажындарын Чехия мен Словакиядан буаз күйінде көлікпен алдырып жатырмыз. Ферма әлі іске қосылған жоқ. Сауын залында сиырлар айналмалы сауу алаңы бар, яғни «карусель» әдісімен сауылады. Сүтті облыстағы сүт зауыттарына өткіземіз деген жоспарымыз бар», - дейді мекеменің қаржы директоры Арман Жукин.

Әзірге, бұл Ақтоғай ауданындағы алғашқы әрі жалғыз тауарлы-сүт фермасы. Симменталь тұқымды сиырды бекерге таңдамаған. Басқа ірі қараларға қарағанда, ауруға, климатқа т.б. төзімді. Әрі сүтті де мол береді. Әр сиыр 22 литр сүт береді деп болжануда. «Сиырдың сүті тілінде» деген. Жем-шөп шаруашылықтың берік қазығы деп білетін фермер мал азығын өздері дайындайды. Демек, бұл агроферманы технология жағынан да, ресурс жөнінен де айы оңынан туған деуге болады.