5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Бағытын қаракөл қойына бұрған

Бағытын қаракөл қойына бұрған

Сыр өңірінің Шиелі ауданы мыңғыртып мал өсіруге өте қолайлы. Жері жайсаң, суы мол. Содан болар, мұнда мал бағудың барлық тәсілі сақталған. Жаз жайлау, қыс қыстауда қоралап қой баққан шаруаның бірі «Би-Мырза» шаруа қожалығының басшысы Тоқтар Мырзахметұлы. Еңбекші ауылының еңбекқор азаматы бұған дейін аздаған жылқы, сиыр өсіргенімен қой ұстамаған екен. Ақыры ойлана келе былтыр қожалық ашып, өнімі көл-көсір қой өсіру үшін Аграрлық несие корпорациясына жүгініпті.

«Аграрлық несие корпорациясының қаржысына былтыр 800 бас қаракөл тұқымды қой сатып алдым. Біздің өңірге осы қой тұқымы жерсінген. Кеңес кезінде кеңшар қаракөл қойын өсірген. Қазір отар жайлауда, 80 пайызы қоздады. Несие тиімді екен, бірінші рет алдым. Бұл маңда қар қалың түспейді, ұсақ мал қыс бойы жайылып шығады. Бірақ малдың қысқы азығын жинап алдым, жем-шөп түсірдім, қора-қопсым дайын», - дейді шопан.

Қазір 40 бас қаракөл қошқары бөлек бағылып жатыр. Саулықтар көктемде туу үшін қараша айында күйекке түседі. Бір өкініштісі, қаракөл елтірісі өңделмей, рәсуа болып жатыр. Әзірге, еті ғана кәдеге асады. Қой еті демекші, фермер биылдан бастап еркек тоқтыларды байлап, етін нарыққа шығармақ. Бұған мүмкіндік те, ресурс та жеткілікті. Себебі кепілге үйін қойған шаруа адамына әлі 20 млн теңгедей несие алуға болады екен.