5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Нарық тынысын тап басқан

Нарық тынысын тап басқан

Шымкенттік Нұрхан Сәдуақасұлы жылыжай ашамын деген ойдың үш ұйықтаса түсіне кірмеген айтады. Техникалық мамандықты меңгерген ол бағбаншылыққа аса жақын емес еді. Алайда дос-жаран, тамыр-таныстардың жылыжайын көріп, ойы өзгерген. Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алып, былтыр күзде жылыжай ашқан.

«Алғашқы маусымда қызанақтың кең таралған тореро буданын ектік. Себебі өзгелер жаппай қияр еккесін біз бәсекелестік аз болады деген оймен қызанаққа тоқталдық. Бұл биікке бойлай өсетін сұрып. Өнімді өткізуден де қиындық жоқ, клиенттер өздері осында келіп, көтерме бағамен сатып алып кетеді», - дейді «NUR AGRO» шаруа қожалығының басшысы Нұрхан Сәдуақасұлы.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылындағы бұл жылыжайда маусым кезінде 40-50 адамға дейін жұмыс істейді. Жылыжайдың аумағы 3,6 га. Қожалық иесі алдағы уақытта жабық грунтты көбейтуді жоспарлап отыр. 10 га жері бар фермерде мүмкіндік те, өткізу нарығы да, Аграрлық несие корпорациясы сынды қаржылай қолдайтын сенімді серіктесі де бар.

Анықтамалық ақпарат: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамытуға тиімді шартпен несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.