5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

«ҚазАгро» холдингінің басшысы тағайындалды

«ҚазАгро» холдингінің басшысы тағайындалды

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Құрманов Рүстем Жомартұлын таныстырды.

Құрманов Рүстем Жомартұлы – 1981 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимск ауылының тумасы, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:
– 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық сараптау бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы;
– 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық саясат департаменті басқарма басшысы, директоры;
– 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;
– 2015 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП басқарушы директор;
– 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметтерін атқарды.