5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аяқты мал баққанға жақсы

Аяқты мал баққанға жақсы

Білетіндер керекулік Амангелді Кенжеғалинді тәуекелге бел буғыш азамат дейді. Кейбір жанның несие алып, кәсіп бастауға жүрегі дауаламай жүргенде бұл кісі ауыл шаруашылығы үшін үш бірдей қарыз алып тастаған. Кезінде мал дәрігері болған Май ауданы, Баскөл ауылының тұрғыны 2012 жылы шаруа қожалығын ашқан бетте-ақ мемлекеттің тиімді тетігін пайдаланған. Беларус тракторын несиеге рәсімдеп, жылқы бағуға кіріскен шаруа былтыр тағы Аграрлық несие корпорациясына жүгініпті. Павлодар филиалынан қаржыға Семейден шыққан Беларус-82.1 маркалы тағы бір трактор алған екен. 

«Техникамыз жеткілікті, жеріміз бар болғасын жылқының санын көбейткіміз келді. Биыл тағы корпорациядан несие рәсімдеп, 30 байтал алдық. Біздің өңір егінге қолайсыз, тек мал шаруашылығымен айналысамыз. Әсіресе, жылқы бағу ыңғайлы, арасында түгендеп қоясың, салпақтап артынан жүрмейсің. Бұл отбасылық кәсіп, сырттан жұмысшы алмаймыз. Несие тиімді, тәуекел етпесең мақсатыңа жетпейсің», - дейді «Кенже» шаруа қожалығының басшысы Амангелді Кенжеғалин. 

Төскейді түлікке толтырған шаруада мыңғыртып мал бағуға барлық мүмкіндік бар. 1,5 мың га жайылымдық , 130 га шабындық жер бар. Әзірге, биылғы байталдар тумады, келесі жылы құлындайды. Бірақ бұған дейін өзінде болған биелерді байлап, қымыз ашытып отыр. 20 бие сауып, күніне 50-60 литр қымыз өндіріп, қалаға апарып сатады. Енді келер жылы биылғы сатып алған 30 бас байталдың көмегімен ұлттық сусын өндірісін арттыруға үлес қоспақ. Айтпақшы, фермерде жылқымен қатар аздаған ірі қара мал да бар.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.