5115

Call-Орталығы 5115 (Kcell/Activ абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Нұр-Сұлтан қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Агросақтандырудың жаңа бағдарламалары бау-бақша шаруашылығындағы қауіпті азайтады

Агросақтандырудың жаңа бағдарламалары бау-бақша шаруашылығындағы қауіпті азайтады

Қазақстанда сақтандырудың жаңа бағдарламаларын жүзеге асыру басталды. Алма бақтары (ағаштарды) мен алма жемісін аталған тәуекелден сақтандыру жөніндегі өнімдер бекітілді.

Сақтандыру өнімдері өндірісті жүргізу ерекшелігіне байланысты интенсивті және жартылай интенсивті алма бақтарына арналған.

Интенсивті және жартылай интенсивті бақтарда өсірілетін алма ағаштарын отырғызғаннан кейін үшінші жылдан бастап (екі қыстаған соң), сонымен қатар, ішкі және сыртқы нарықтарда жаңа терілген күйінде өңдеуге жіберу үшін алма жемісін сақтандыруға болады.

Алма бақтарын (ағаштарын) сақтандыру бұршақ, өрт, қатты жел, қыста үсік шалу, көктемгі және күзгі үсік шалу, найзағайдың түсуі, шамадан тыс қар жауу немесе бұтақ қабығының мұздан зақымдануы, жабайы жануарлардың зиян келтіруі немесе жоюы, белгісіз тұлғалардың заңды немесе заңсыз әрекеті сынды тәуекелдің түр-түрін қамтиды. Бұл өнім бойынша сақтандыру тарифі - 0,8%, сақтандыру кезеңі – осы жылдың 1 қарашасынан келесі күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін.

Алма жемісін сақтандыру көктемгі үсіктен, бұршақтан, қатты желден, өрттен, найзағайдың түсуінің, зиянкестер мен аурулардан егінге келетін шығыннан, белгісіз тұлғалардың заңды немесе заңсыз әрекеті сияқты қауіптен сақтайды. Бұл өнім бойынша сақтандыру тарифі - 11,2%, сақтандыру кезеңі – 15 сәуірден 15 қазанға дейін, егер өнім 15 қазанға дейін жиналса, уақытынан кешіктірмеу қажет.

- Бұл сақтандыру Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қолжетімді, - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарушы директоры Ерлан Молдашев. - Бақтарды осы жылдың 31 қазанына дейін сақтандыру қажет. Сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру сыйақысының 80% субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдаудың барын атап өткен жөн, яғни фермер сақтандыру полисі құнының 20% ғана төлейді.

Бағбандық бойынша сақтандыру өнімдерін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар «Jusan Garant «СК» АҚ сақтандыру компаниясы енгізді. Бұған әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар Swiss Re халықаралық қайта сақтандыру компаниясы тартылды. Отандық компания өзіне алатын тәуекелдерді қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде кепілдендірілген төлемді қамтамасыз етеді.

Мобильді қосымша арқылы сақтандыруға болады. Шарт жасасудан төлемге дейінгі барлық рәсім www.qoldau.kz платформасында электрондық цифрлық қолтаңба қоюмен жүргізіледі.

Айта кетейік, АӨК сақтандыру операторы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ болып бекітілді.

 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі

Тел.: 8 701 006 1658. E-mail: pressa@agrocredit.kz