5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Ауылдағы жалғыз наубайхананы ашқан

Ауылдағы жалғыз наубайхананы ашқан

Бұл наубайхананың иесін нарықтың талабын тап басқан кәсіпкер деуге болады. Себебі бұған дейін Индер ауданына қарасты Өрлік ауылында наубайхана болмаған еді. Жергілікті халық нан сатып алу үшін 135 шақырым қашықтықтағы Атыраудан келетін көлікті күтетін. Бұл олқылықтың орнын «BekSal» ЖК басшысы Бибігүл Шахманова толтырды. Аграрлық несие корпорациясының Атырау филиалынан екі рет несие алып, ауылдағы алғашқы әрі жалғыз наубайхана ашқан.

«2019 жылғы несиеге ғимарат салдық, құрал-жабдық алдық. Алайда наубайхананы аша алмадық, карантин басталды, ақша толық жетпеді. 2021 жылы Аграрлық несие корпорациясына қайтадан жүгініп, жетпеген құрылғыны түгендеп, жарық, газ тартып, қараша айында аштық. Қазір күніне жоғары сұрыпты ұннан 300 бөлке нан пісіреміз, бұл 3 мың тұрғынның бір күндік қажеттілігін толық қамтамасыз етеді», - дейді жеке кәсіпкер. 

Ас атасымен бірге, мұнда кондитерлік өнімдер де пісіріледі. Күніне 2 қап ұн жұмсалады екен. Дайын өнімді өзінің және ауылдағы өзгелердің дүкені арқылы сатады. Жолдасының идеясымен наубайхана ашқан келіншектің ендігі ойы – жартылай фабрикат шығаратын цех ашу. Бір қызығы, кәсіпкер бірнеше жылдық тәжірибесі бар шаштараз екен. Қазір де бұл кәсіптен қол үзбеген. 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.