5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Отыз бие елуге жетті

Отыз бие елуге жетті

Ниет пен талап барда ештеңе, тіпті климат та қолбайлау емес. Әсіресе, Атырау сияқты құйқасы жұқа өңірде мыңғыртып мал бағу екінің бірінің қолынан келмейді. Бірақ Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылының тұрғыны Нұрқат Құмарбеков мұның шешімін тапқан. 2021 жылы Аграрлық несие корпорациясының қаржысына 30 бас бие сатып алыпты.

«Мамандығым құрылысшы. Бірақ қазір ауыл шаруашылығында еңбек етемін. Бұрын азын-аулақ мал ұстадық қой, тек жылқы бағып көрмедік. Аграрлық несие корпорациясынан несие алып, жабы тұқымды биелер сатып алдым. Бұл несие ыңғайлы екен, 2 жылға дейінгі жеңілдетілген кезеңі бар», - дейді «Құмарбеков.Н» шаруа қожалығының басшысы Нұрқат Құмарбеков. 

Былтыр алынған 30 бие қазір құлындап, ұзын-саны 50 басқа жетті. Бұл отбасылық бизнеске жатады, жылқы бағуға барлығы атсалысып отыр. Әзірге, бие байлап, қымыз саууды қолға алмады. Бұған қосымша жұмысшы керек. Қожалық иесі болашақта мал басы көбейгенде ұлттық сусын өндірісін жолға қоюды жоспарға енгізген.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.