5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Қой өсірудің пайдасы мол

Қой өсірудің пайдасы мол

Қазақстан қой өсіру жөнінен әлемде Австралиядан кейінгі екінші ел. Елімізде 18 млн-ға жуық қой бар. Әзірге, асыл тұқымды қойдың үлес салмағы тым аз, небәрі 10-15%. Дегенмен әлемдік нарықта қазақтың құйрықты қойы жоғары сұраныста. Содан болар, елде қой өсіруге деген қызығушылық азаяр емес. СҚО, Қызылжар ауданы, Рассвет ауылының тұрғыны Ерғали Жәкеев те биылдан бастап бірыңғай қой өсіруге кіріскен. Бірнеше рет несие алған Аграрлық несие корпорациясының сенімді клиентінің бұл бастамасына жеңілдетілген қаржысы септігін тигізген.

«Аграрлық несие корпорациясынан бұған дейінгі рәсімдеген несиеге жылқы, сиыр алған едім. 2013 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім, содан бері мал шаруашылығымен айналысамын. 3 жыл сауын аппаратпен сиыр сауып, сүтін сатып жақсы пайда таптым. Бірақ уақыт өткен сайын сауыншы табу қиындады, сосын жылқыларым мен сиырларымды сатып, ұсақ малға көштім. Биыл «Іскер» бағдарламасы бойынша 40 млн теңге несие рәсімдеп, 98 бас құйрықты қой мен қошқар сатып алдым. Несие өте тиімді», - дейді шаруа.

Қызылжарлық фермерде өзінің азын-аулақ қойын қосқанда жалпы 200-ге тарта ұсақ мал бар. Қазір 5-6 қой қоздаған, негізінен саулықтар желтоқсан айында жаппай төлдейді. Атакәсіпті серік еткен кәсіпкер отарға тағы да 70-80 бас қой қосқысы келеді. Тек несие алуға кепілге қоятын мүлік қинап тұр. Жылдағы әдет бойынша фермер малын көктемде бордақылап сатады. Мал басын көбейтуге қожалықта мүмкіндік мол. Техника, жер, жем-шөп, жұмысшы дейсіз бе, бастысы шаруа адамының еңбек етуге деген шынайы ниеті бар.

Сурет: azattyq-ruhy.kz