5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аралық қорытындылар шығарылып, алдағы міндеттер талқыланды

Аралық қорытындылар шығарылып, алдағы міндеттер талқыланды

Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығымен кездесті.

«Аграрлық несие корпорациясының» Басқарма Төрағасы Алмат Әшірбеков жалғыз акционерді несиелендіру бағдарламаларының, атап айтқанда көктемгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған «Кең дала» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

Осы күні Аграрлық несие корпорациясында филиал директорларының қатысуымен жиын өтті. Директорат барысында филиалдардың 5 айдағы қызметінің аралық қорытындылары шығарылып, «Кең дала» бағдарламасын жүзеге асыру мен корпорация қызметінің басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Корпорация басшылығы өңірлік құрылымдық бөлімшелер басшыларына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру, несиелік қоржынның сапасын арттыру және 2022 жылға арналған міндеттер мен жоспарларды орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.