5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Корпорациядан алынған несиені төлеу жеңілдей түсті

Корпорациядан алынған несиені төлеу жеңілдей түсті

Аграрлық несие корпорациясы клиенттермен өзара әрекеттесуді жеңілдету үшін бизнес-процестерді цифрландыруды жүзеге асыруда. Осылайша, корпорация несиелерді өтеу бойынша төлемдерді алу үшін Kaspi.kz банкімен тікелей интеграцияны жүзеге асырды.

Енді корпорация клиенттері банктік қосымша арқылы несиелер бойынша төлем жасай алады. Функция тегін, клиенттен комиссия алынбайды. 

Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Қаржы қызметтері» бөлімінде «Ипотека және несиелер» тармағына, содан кейін «Аграрлық несие корпорациясын» таңдау керек. Осыдан кейін ЖСН/БСН енгізу және төлем жүзеге асырылатын Шартты таңдау арқылы өтеу сомасын енгізу қажет. 

Жасалған төлем автоматты түрде корпорацияның 1С жүйесіндегі «Кіріс төлем тапсырмаларында», сондай-ақ клиенттің жеке кабинетінде көрсетіледі. Қосымшада қажетті әрекеттер орындалғанда, барлық клиент push хабарландыру алады. 

Қосымшаны пайдалану бойынша бейненұсқаулық www.agrocredit.kz сайтында және Аграрлық несие корпорациясының әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған. 

Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен кредиттерді уақтылы беру процесін оңтайландыру мақсатында МТ102 форматында (жиынтық төлем) «Қазынашылық клиент АЖ» арқылы қарыз алушылардың шоттарына қаражат жіберу мүмкіндігі туды. 

Егер бұрын корпорациядан қарыз алушының шотына несие жіберуге үш күнге дейін уақыт кетсе, ал қарыз алушы төлем кестесіне қайта қол қою үшін филиалға келуі керек болса, енді ақша сол күні қарыз алушының шотына түседі. Ол үшін филиалға қайта барудың қажеті жоқ. 

Мұндай жұмыс қарыз алушыларға несие қаражаты жіберілетін «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «First Heartland Jusan Bank» АҚ қаржы ұйымдарымен жүргізілді. 

Корпорация тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін барлық процестер мен қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыра бермек.