5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Атырау облысына іссапар

Атырау облысына іссапар

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков бастаған делегация Атырау облысына іссапармен барды.

Іссапар аясында делегация өкілдері алдымен Аграрлық несие корпорациясының филиалына барып, ұйымның атқарып жатқан қызметімен танысты. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын қоса есептегенде Аграрлық несие корпорациясының 2023-жылға жалпы қаржыландыру жоспары 500 млрд. теңге болды. Одан Атырау облысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда Атырау филиалы 2,9 млрд. теңгенің несиесін берді (ҚазАгроҚаржыны қосқанда).

Осыдан кейін Махамбет ауданындағы көкөніс өсірумен айналысатын «КазАгроНова» шаруа қожалығына арнайы барып, еңбек адамдарының жұмыстарымен танысты. Шаруа қожалығы 180 гектар жерді игеріп отыр.

- «Бұл шаруашылық Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы арқылы несие рәсімдеп, тамшылатып суару құралдарын, тұқым, минералды тыңайтқыш және басқа да қажетті заттарды сатып алған болатын. Қазіргі уақытта сәбіз, пияз, қызылша, қырыққабат өсіріп, Атырау жерінде де өсімдік шаруашылығымен айналысуға болатынын дәлелдеп отыр», - деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Бүгінгі таңда өнімдерін жинау науқанына кірісіп кеткен «КазАгроНова» шаруа қожалығы 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұның сыртында науқан кезінде уақытша жұмысқа 50-ге жуық адам тартылады.

«Агробизнес» бағдарламасы жан-жақтылы. Ол мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жобаларын да қаржыландырады. Несиелер жеке және тартылған коммерциялық қаражат есебінен беріледі. Субсидия есебінен пайыздық мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендетілді. Инвестициялық мақсаттағы несиенің максималды мерзімі – 12 жылға дейін. Бағдарлама аясында Атырау облысының 39 фермері қаржыландырылып, оларға 749 млн. теңгенің несиесі берілді

Қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ төрт бағдарламаны іске асыруда. Олар: «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» және «Жастарға арналған шағын несие» бағдарламалары.