Құрметті достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі - Тәуелсіздіктің төлқұжатты іспетті Конституция күнімен құттықтаймын!
Конституция – Мемлекеттің негізгі заңы, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі болатын Ата Заңымыз! Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.
Осы мерекелік күнде Сіздерге және отбасыңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен,
Сарыбаев Нармұхан Қалмаханұлы
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
Басқарма төрағасы