5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

ПРЕСС-АНОНС - 26 қыркүйек

ПРЕСС-АНОНС - 26 қыркүйек

Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталуда. Ағымдағы жылы 2 мыңнан артық агроөнеркәсіптік кешен субъектілері Аграрлық несие корпорациясы арқылы 60 млрд теңгеге қаржы алды. Соңғы қарыз алушыларға арналған сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7% дейін. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 3,13 млн га артық алқапта көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін айналым қаражатын толтырды.  

БАҚ назарына!

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Ақмола облысында баспасөз туры өткізіледі. Өңірдің 238 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі 19 млрд теңгеден артық сомаға қаржыландырылды. Шара барысында журналистер Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушысы 2 955, 1 га жер өңдейтін «Барыс 2011» ЖШС-імен танысатын болады.  

Объектіге жиналу мен бару уақыты: 2019 жылғы 26 қыркүйек сағ. 9.00-де (бейсенбі) Нұрсұлтан қаласы, Иманов көшесі, 11 мекенжайы бойынша. 

БАҚ аккредитациясы 25 қыркүйекте сағ. 15.00-ге дейін мына байланыс телефондары бойынша өткізіледі: 

87477773319 Гүлнұр Тоханова

Tokhanova.G@agrocredit.kz

 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Маркетинг және PR қызметі

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – ҚР Президенті 2017 жылғы 14 ақпандағы № 42 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында айқындалған ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың басым бағыттары бойынша кредиттеу бағдарламаларын іске асыратын, АӨК дамыту саласында қызмет жасайтын ірі қаржы ұйымы.