5115

Call-Орталығы 5115 (Kcell/Activ абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Нұр-Сұлтан қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Сүт фермасынан дүкен сөресіне дейін

Сүт фермасынан дүкен сөресіне дейін
Жаңадан бизнес ашу – қашанда қиын. Әсіресе, табиғи сүт өніміне қажетті жоғары сапалы шикізат өндірсең, жауапкершілік тіпті арта түседі. Бірақ бұл тауарлы-сүт фермасының технология жағынан айы оңынан туған десе де болады. 96 бас симменталь сиыры, сауын залы, салқындатқыш ыдыс, сепаратор, екі трактор, пастерлеу қондырғысы, жем үлестіргіш т.б. Ұлытау облысындағы «Bakyt» шаруа қожалығы мұның барлығын сатып алуға жалғыз өзі шамасы келмес еді. Аграрлық несие корпорациясы қолтықтан қолдады.

«Корпорациядан бұған дейін етті бағыттағы ірі қара өсіру үшін жеңілдетілген несие алғанмын. Ал былтыр екінші рет несие рәсімдедім. Ресейден 96 бас сүтті бағыттағы буаз сиыр әкеліп, Жезқазған өңірінде алғашқы тауарлы-сүт фермасын аштық. Бірінші тума болғасын бір сиыр күніне 11-12 литр сүт беріп отыр. Сауын залында сиырларды параллель әдісі бойынша сауамыз. Біздің мал қысы-жазы қорада бағылады. Малды байлаусыз ұстау технологиясы қолға алынған», - дейді кәсіп иесі Манас Асаинов.

Мұнда аша тұяқтылар қолмен ұрықтандырылады. Шетелдік сиырға арналған шөпті өздері шауып алса, түйіршіктелген қоспажемді сатып алады екен. Болашақта сауын сиырды 200-ге жеткізу үшін биыл 200 ірі қараға арналған туатын қора салыпты. Қазір тағы бір баз жөнделіп жатыр. Айтпақшы, тауарлы-сүт фермасы Жезқазғаннан 90 км жердегі Кеңгір ауылында болса, сүт өнімін шығаратын цех қаланың өзінде екен. Шағын цех өздері өндірген шикізатпен сүт, май, ірімшік, құрт сынды 4 түрлі өнім шығарады.

Айта кетейік, тауарлы-сүт фермасын қаржыландыру – Аграрлық несие корпорациясының басым бағыттарының бірі. Бірер күн бұрын Павлодар облысында 1000 бас ірі қараға арналған тауарлы-сүт фермасы ашылды. Жалпы, корпорацияның қолдауымен 59 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Жобалардың жалпы құны 68,4 млрд теңге, оның ішінде 45,1 млрд теңге – корпорация арқылы жеңілдетілген қаржыландыру. Іске қосылған жобалардың жалпы қуаты - жылына 261,2 мың тонна сүт.