5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Сан саланы қамтыған агроқұрылым

Сан саланы қамтыған агроқұрылым

Аграрлық несие корпорациясының тұрақты клиентінің бірі Абай облысы, Ақсуат ауданы, Сәтбаев ауылындағы «Ықыбай» шаруа қожалығы. 2016 жылы құрылған агроқұрылым корпорацияның қаржысын бірнеше рет пайдаланған. Екі жыл қатарынан жеңілдетілген несие алып, қазақтың ақбас тұқымды сиырын алса, 2018 жылы Аграрлық несие корпорациясының қаржысына үш трактор мен шөп тайлағыш-жинағыш техника алыпты.

«2018 жылы корпорация қаржысына асыл тұқымды бұқалар алып, жалға бердім. 2019 жылғы несиеге 4,5 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын аштық. Сол жылы Ресейден 350 бас ірі қара әкелдік. Ал 2020 жылы корпорацияның қаржысымен 8 мың бас қазақтың құйрықты қойын сатып алдық. 2021 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен тағы да ірі қара алдық», - дейді «Ықыбай» шаруа қожалығының басшысы Қадырбек Ықыбаев. 

Қожалықта қазір ірі қара саны 3900 болса, қой 11 500-ге жетті. Мыңғыртып мал өсірудің флагманы нарық талабына сай, бірнеше бағытты қамтуды ертеден ойластырған. 2021 жылы жоңышқадан пішендеме, жүгеріден сүрлем сынды құнарлы мал азығын дайындау мақсатында 754 га жерге суармалы жүйе құру үшін несие алды. Осылайша, кезінде мектепте еңбек етіп, азын-аулақ мал ұстаған қожалық иесі бүгінде Ақсуат ауданындағы үш ауылдың аумағында заманауи агробизнесті жүргізіп отыр.