Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл семинары

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Е. Кенебаева және Департаменттің пул спикері А.С. Шарипжанов қатысты.
Спикерлер қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға қатысты ҚР заңнамасындағы өзекті өзгерістер туралы хабардар етті.
Талқылау барысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша сұрақтарға жауап алды.