5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Сақтандыру компаниялары дәнді дақылдарды сақтандыру мерзімін ұзартты

Сақтандыру компаниялары дәнді дақылдарды сақтандыру мерзімін ұзартты

Сақтандыру компаниялары дәнді дақылдар бойынша топырақтың ылғал тапшылығы индексінің сақтандыру өніміне өтінімдерді қабылдау мерзімін 2022 жылдың 6 мамырына дейін ұзартты.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сақтандыру полисінің құнын төмендету, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру нарығына жаңа қатысушыларды тарту және өсімдік шаруашылығындағы тәуекелдерді азайту үшін мемлекет сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялайды: мысалы, фермерлер үшін сақтандыру полисінің құны субсидиялардың көмегімен 50%-ға қысқарады.

Сақтандыру шарттарын www.qoldau.kz сайтындағы «Агросақтандыру» ақпараттық жүйесінде жасауға болады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру операторы – Аграрлық несие корпорациясы.

Фото: winstein.org