Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Сыбағадан - агробизнеске

Сыбағадан - агробизнеске

Аграрлық несие корпорациясының тұрақты клиентінің бірі «Үшбиік» ЖШС қазақтың ақбас сиырын өсіруге ысылған. 2017 жылы құрылған қожалық сол жылы Ресейден «Сыбаға» бағдарламасы бойынша дәл осындай етті бағыттағы тегі асыл түлік әкеліпті. Бірер жыл бағып пайдасын көрген соң былтыр тағы да мемлекеттің қолдау механизмін кеңінен пайдалануға бел буған екен. 

«Аграрлық несие корпорациясының несиесі өте тиімді, 6 пайызбен береді. Каникулы бар. 2021 жылы Талдықорған жақтан 70 бас ақбас тұқымды құнажын сатып алдық. Бұқаны осы Семейдегі ірі шаруашылықтың бірінен алдық. Біздің шаруашылық орналасқан Абай облысы, Абай ауданы, Архат ауылының жері ірі қара өсіруге өте ыңғайлы», - дейді «Үшбиік» ЖШС басшысы Алмаз Көпірбаев.

Табындап сиыр баққан фермер бұрынғы қора тарлық еткесін несиенің бір бөлігін ірі қараға арнап қора-қопсы салуға жұмсаған. Әзірге, абайлық агроқұрылым нарыққа сиыр етін көптеп шығара қойған жоқ. Қазіргі мақсат – мал басын көбейту. Айтпақшы, жер мәселесі шешілсе, алдағы уақытта ірі қарамен қатар, ұсақ мал да өсірмек. Ал бұл межеге жетуде агрокәсіпкердің сенімді бұрынғы инвестициялық әріптесі бар.