5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Төрт түлікті түгел өргізген

Төрт түлікті түгел өргізген

«Баеке» ЖШС басшысы Балуан Сағидоллин Семейдің тумасы. 12 жыл бұрын Астанаға көшіп келген. Қаладан 170 км қашықтықта - Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылында шаруа қожалық ашқан. Жылқы, қой, сиыр дейсіз бе, төрт түлікті түгел өргізіп отыр. Мыңғыртып мал бағуда мол тәжірибесі бар. Бұрын туған жерінде қожалық ашқан кәсіпкер бүгін тұрған жерінде мал өсіруге кіріскен. Ақыры мал баққасын анау-мынау емес, асыл тұқымды мал ұстауға бекініп, мемлекеттің қолдау механизміне жүгініпті. 

«2021 жылы Аграрлық несие корпорациясынан жеңілдетілген несие рәсімдеп, Ресейден 300 бас ұрғашы герефорд тайыншалар сатып алдым. Бұқа өзіміздікі. Құнажындар енді туады деп күтіп отырмыз. Жалпы, мұндай несиені екінші рет несие алып отырмын. Өте тиімді, пайызы төмен, жеңілдетілген мерзімі де бар. Неге сиыр десеңіз, сиырдың етіне сұраныс көп қой. Бірақ біздің мақсат сойып емес, тірідей құжатымен сату. Сол кезде мал өсірген шаруа субсидия ала алады», - дейді Б.Сағидоллин. 

Арқаның қысы қытымыр әрі ұзақ. Ірі қара 4,5 ай бойы қолға қарайды. Сол себепті жем-шөпті мол жинау керек. Қазір науқан қызған. Қыстауға бірнеше мая шөп жиналса, жем сатып алынады. Ірі қара ауруға бейім болғасын қан алу, егу сынды ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар уақытылы жасалады. Айтпақшы, алдағы уақытта фермер Аграрлық несие корпорациясынан тағы да несие рәсімдеп, биелер сатып алмақшы. Қазір бір үйір жылқысы бар екен. Бұған техника, жер, жұмыс күші тәрізді ресурс та, мүмкіндік те жеткілікті.