5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Тәулігіне 600 литр сүт сауылатын ферма ашылды

Тәулігіне 600 литр сүт сауылатын ферма ашылды

Зерендіде күніне 600 литр сүт сауылатын ферма бар. Сүт өндіру кәсібін ақмолалық кәсіпкер Мырзахмет Жанбеков қолға алған.  Көп жылдан бері етті мал өсірумен айналысқан шаруа кейін келе кәсібін тауарлы-сүт фермасына ауыстыруды ойластырған. Жоспарының орындалуына Аграрлық несие корпорациясы көмектесті. 

«Бұрын етті мал өсірдік. Бәрін сатып, енді тек сауын сиыр бағуға көштік.  Тауарлы-сүт фермасын салдық. Корпорациядан 75 миллион теңге несие алып, Павлодардан симментал сиыр сатып алдық. Бұдан бөлек, түріктің сауын құралын, жем шашатын қондырғы, трактор әкелдік», - дейді шаруа қожалығының басшысы Мырзахмет Жанбеков.

Қазір фермада 90 сиыр сауылып жатыр. Олар күніне 600 литр сүт береді. Шаруаның жоспары бойынша ферма келесі жылдың наурызында толық қуатына жетуі тиіс. Сол кезде жылына 428 тонна сүт өндірілмек. Кәсіпкер сонымен қатар, келешекте сүтті қайта өңдеу өндірісін ашуды жоспарлап отыр. 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.