5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Тасқала экономикасы мемлекет қолдауының арқасында дамып келеді

Тасқала экономикасы мемлекет қолдауының арқасында дамып келеді

БҚО Тасқала ауданында Нұрым Қуанұлы Ерікбаев басқаратын «Ерікбаев» шаруа қожалығы бар.

Шаруа қожалығы 2018 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға несие алды. «Игілік» бағдарламасы бойынша берілген шағын несие 13 бас сиыр мен қажетті жем-шөп алуға көмектесті.

Шаруашылық өткен жылы тағы да мемлекеттік қолдауға бет бұрып, «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша несие берсе, бұл жолы ауқымды. Қарызға жылқы сатып алып, оларға жем-шөп алуға жұмсалды.

Бүгінгі таңда «Ерікбаев» шаруа қожалығының жері, жем-шөп жинайтын техника паркі бар, қожалық қой, жылқы, ірі қара ұстайды, егін егумен айналысады.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бекітілген болатын. Қазіргі таңда корпорация ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырумен қатар «Іскер» және «Агробизнес» бағдарламалары бойынша шағын несие берумен де айналысады.

Несиелеу шарттарымен www.agrocredit.kz сайтының «Несие беру бағдарламалары» бөлімінде таныса аласыз. Толық консультацияны облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін филиалдардан алуға болады (байланыстар Корпорацияның веб-сайтында да орналастырылған).

Суретте: басшының ұлы КХ "Ерикбаев" Елжас Қуанов.