5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Техникалық жаңғырудың тамаша үлгісі

Техникалық жаңғырудың тамаша үлгісі

Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны Қайрат Боқанов кезінде біраз лауазымды қызметтің тізгінін ұстаған. Алайда «өзіне жұмыс істеу» деген ой іштей маза бермеген. Ақыры 2019 жылы «Жаңатілек» шаруа қожалығын ашып, егіншілікпен айналысуға бел буады. 

«2,5 мың га жерім бар, негізінен бидай мен арпа егеміз. Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс пен күзгі орақ науқанына несие аламын. Екі жыл қатарынан алдым. Біреуге бағынышты емес, өзіңе жұмыс істеген жақсы екен. Қазір 8 жұмысшым бар», - қожалық иесі Қайрат Боқанов.

Алайда тиісті техниканың жоқтығы агроқұрылымның егіс пен орақ науқанын дер кезінде аяқтауға қолбайлау еді. Ал техникалық паркті жаңарту үшін қаражат қажет. Сол баяғы өзінің қаржылық серіктесі – Аграрлық несие корпорациясының көмегімен 2020 жылы егіншілікке қажетті аспалы-тіркемелі жабдық пен «Vector» комбайнын алса, 2021 жылы «Беларус» тракторын алыпты. 

«Жаңаның аты жаңа ғой, бұл техникалар жер жыртып, егін егуді, жинауды дер кезінде аяқтауға мүмкіндік беріп отыр. Енді дәнді дақылмен бірге, мақсары деген майлы дақылды да ектік. Бүгінде менде 3 трактор, 4 комбайн бар. Аграрлық несие корпорациясы арқылы дәл қазір тағы бір «Vector» комбайнын алғалы жүрмін», - дейді қожалық басшысы.

Машина-трактор паркін толықтай жаңартуға көшкен фермер күзде өзінің қаржысына К-700 тракторы мен тұқым сепкіш алмақ. Ал болашақта егінмен бірге, мыңғыртып мал өсіріп, оны бордақылап, жаңа бағытта өзін сынап көрмек.

Анықтамалық ақпарат: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамытуға тиімді шартпен несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.

Сурет: semaz.kz