5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕ

АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕ

Аграрлық несие корпорациясы ауылшаруашылығы өндірісін дамытуда айқын рөл атқарып келеді. Өткен жылы корпорацияның Ақтөбе облыстық филиалы арқылы 260 жобаға несие берілді. Ал 17 жыл ішінде шаруаларға кредиттік серіктестер арқылы 381,7 млрд теңгеге 51,5 мыңға жуық кредит берілген.   "Ақтөбе құс" фабрикасы аграрлық несие корпорациясынан 555 млнға жуық қаржы алып, 7 өндірістік цехты жаңғыртты. Мәселен, тауықтар мен балапандарға жем даярлау үшін сағатына 10 тонна шығаратын неміс құрылғысы сатып алынған. Сондай-ақ, Голландиядан сұрыптау, буу, түю жабдығы жеткізілді. Қайта жаңғырту арқасында фабриканың өндірістік қуаттылығы екі есеге ұлғайтылды.

НҰРЛАН МУСИН |"AQTOBE - QUS" ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

- 2017-2019 жылдары кәсіпорынға жаңғырту жұмыстары жасалды. Бұл үшін Аграрлық несие корпорациясынан несие алдық. Құс фабрикасы толықтай автоматтандырылған жүйеге көшті. Бүгінде жұмыртқаларды Ресей, Ауғанстанға экспорттап, Батыс өңірі мен Қызылордаға да жеткізіп жатырмыз. Сонымен қоса, Ақтөбе нарығында тауық еті мен жұмыртқалар 5 категориямен сатылуда.

Хромтау ауданын Ақжар елдімекеніндегі майлы дақылдарды қайта өңдейтін зауыттың жалпы құны - 1 млрд 244 млн теңгедей. 796 миллион теңгені аграрлық несие корпорациясы бөлген. Өндірістің қуаттылығы жылына 17 мың тонна май және 22 мың тонна жемшөп күнжарасы.

ХАЙДАР ХАЙДАРОВ  /"АКМЭЗ" ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ ЖӘНЕ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ

- Аграрлық несие корпорациясының қолдауы арқасында зауыт іске қосылды.  Жоспар көп. Қазір зауыттың бірінші кезеңі бойынша жұмыстар аяқталды. Егер, несие корпорациясы тағы қолдау көрсетсе, екінші кезеңнің жұмысын бастауға әзірміз. Өнімімізді Тәжікстан, Шымкент қаласына жіберіп жатырмыз.

ДИНАРА АБАЕВА  /АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

-"Аграрлық несие корпорациясы" - бұл "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" компаниялар тобының құрамына кіреді. Қолжетімді кредиттеу жүйесімен айналысады.  2018 жылы 18 млрд теңге болатын 260 жобаға қолдау көрсетілген. Ал жыл басынан бері 7 млрд теңге бөлінді. 

http://aktobetv.kz/…/agrarlyk-nesie-korporaciyasy-kesipkerl…