5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

"Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өкілдері дәріс оқыды

"Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өкілдері дәріс оқыды

2018 жылы 19 қазан күні Экономикалық факультетінің Қаржы ақпараттық орталығында «Қазақстан Республикасында несиелік серіктестіктер жүйесін дамыту» тақырыбанда дәріс өтті. Дәрісті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның корпоративтік бизнесті кредиттеу және дамыту департаментінің корпоративтік бизнес бөлімінің бастығы С.А.Шорнақов пен несиелік серіктестіктер мен шағын қаржылық ұйымдарды дамыту бойынша департаментінің директоры Ж.С.Даулетияров оқыды.

Дәрісте несиелік серіктестіктердің құрылуы туралы, олардың қызмет етуінің негізгі мақсаттары мен қағидалары, құрылымы, несиелік серіктестік қатысушыларына несиелік ресурстарды ұсыну жүйесі, корпорацияның филиалдары мен несиелік серіктестіктері мен олардың 2018 жылы 1 қазандағы негізгі көрсеткіштерін ұсынып, НС жалпы қаржыландыру сомалары, берілген займдар саны, агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру құрылымы, несиелік серіктестіктер рейтингтері және оларға арналған несиелеу бағдарламалары туралы толық ақпарат берді.

Студенттерге берілген теориялық білімдері алған тәжірибелеріне сәйкестендіру үшін, осы орталықтың көрсететін қызметін толықтыру үшін элективті пәндер каталогына "Несие ісі" пәні арнайы қосылған болатын. Сондықтан, осы пәнге қатысты сұрақтар бойынша, яғни, жеке және заңды тұлғалардың несие қабілеттілігін анықтау мен бағалау бойынша және тағы да басқа студенттердің сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Бұл дәріс студенттердің алдағы уақытта өз білімдерін нығайтуға және машықтарын жоғарылатуға, алдағы жоспарларын орындауға ынталандыра, жігерлендіре отырып, өз мақсатына жетті деп санауға болады.