5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Үш жылда - үш жылыжай

Үш жылда - үш жылыжай

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғыны Батыр Дәрменов атажұртқа Өзбекстаннан көшіп келген. Әу баста жолдасымен бірге базарда көкөніс сатып күнелткен. Кейінірек жылыжай салып, сол көкөністі өзі өсіріп сатуды жөн көріпті. 

«2018 жылы Аграрлық несие корпорациясының қаржысына тамшылатып суару жүйесі арқылы жұмыс істейтін жылыжай салдым. Трудовое ауылындағы 50 сотық жабық грунттан бастадық. Табыс арта бастағасын 2020 жылы 96 сотық екінші жылыжай аштым. Жарты ақшасын тағы да Аграрлық несие корпорациясынан алдым», - дейді кәсіп иесі. 

Агробизнесмен қазір жылына екі рет өнім алып отыр. Табысты кәсіп көзін тапқан фермер былтыр күзде үшінші жылыжайдың тұсауын кесті. 14 мың шаршы метрден асатын бұл ірі жылыжайға тағы да сол сенімді қаржылық одағы – Аграрлық несие корпорациясының қаржысын пайдаланған. 

Жер тырмалап жеміс жеген кәсіпкерге бір емес, үш бірдей жылыжай ашуға Корпорацияның «Агробизнес» бағдарламасы септігін тигізген. Корпорацияның өзге де несиелеу бағдарламалары туралы www.agrocredit.kz сайтымыздан толығырақ біліңіз.