5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Мал шаруашылығын сақтандырудың жаңа бағдарламалары

Мал шаруашылығын сақтандырудың жаңа бағдарламалары

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын сақтандырудың жаңа бағдарламалары жүзеге асырыла бастады.

Саладағы сақтандыру өнімдеріне жұқпалы және аса қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың қасақана әрекеттері, қауіпті табиғи апаттар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар – жарылыс, найзағай түсу, тұншығу, жыртқыштардың шабуылы, жыланның немесе басқа да жәндіктердің шағуы, травматикалық жарақаттар жатады.

Осы өнімдер аясында фермерлер кем дегенде 30 бас ірі қара малын мал басын өз шаруашылығындағы, сондай-ақ 5 км радиустағы көршілес шаруашылықтардың аумағындағы қауіп-қатерлерден сақтандыра алады.

Шошқаны сақтандыру (әдеттегі жабын)

Шошқа шаруашылығын сақтандыру өнімдері мақұлданды.Сақтандырылған мал басының санына байланысты (30 бастан және одан да көп) сақтандыру мөлшерлемесі жалпы сақтандыру сомасының 4,46-дан 4,31%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Сақтандыру сомасының 100%-ға дейінгі сақтандыру төлемінен 2%-ға дейінгі мөлшері жануарларды міндетті түрде алып кету және жою кезінде шегерімге жатқызылады.  

Шошқаны сақтандыру (кеңейтілген жабын)

сақтандырылған мал басының санына байланысты (30 бастан бастап және одан жоғары) сақтандыру тарифі жалпы сақтандыру сомасының 9,85-тен 8,62%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. 100%-ға дейінгі сақтандыру төлемінен жануарларды міндетті түрде алып кету және жою кезінде 2%-ға дейінгі төлемдер мөлшері шегеріледі.

Еліміздің барлық шаруалары қорасындағы малдарын сақтандыра алады.  Айта кету керек, сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру сыйақысының 80%-ы мемлекеттік қолдау аясында субсидияланады. Яғни, фермерлер сақтандыру полисі құнының 20%-ын ғана төлейді.

Шошқа шаруашылығы бойынша сақтандыру өнімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар «Jusan Garant» СК» АҚ сақтандыру компаниясы енгізді. Жүйеге әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар Swiss Re халықаралық қайта сақтандыру компаниясы тартылған. Компания отандық сақтандыру компаниялары өздеріне алатын тәуекелдерді қайта сақтандыратын болады. Бұл сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда кепілдік берілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер аграрлық сақтандыру қатысушыларының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы Kezekte.kz платформасында орналастырылған Agroinsurance ақпараттық сервисінде онлайн жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру операторы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы.