5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Жамбыл өңірінде көктемгі-дала жұмыстары аяқталды

Жамбыл өңірінде көктемгі-дала жұмыстары аяқталды

Басын көтеріп елден сұрағанша, басын иіп жерден сұрайтын диқандар қауымы көктемгі дала жұмыстарын аяқтады. Жамбылдық шаруалар биылғы жылы 216,1 мың гектарға жаздық масақты дәнді дақыл, 70,0 мың гектарға майлы дақыл, 44,4 мың гектарға көкөніс, 17,6 мың гектарға дәндік жүгері, 16,5 мың гектарға бақша дақылдары, 11,6 мың гектарға картоп, 6,1 мың гектарға қант қызылшасы, 27,1 мың гектарға бір жылдық және 34,7 мың гектарға көпжылдық шөп отырғызды.

Осының нәтижесінде облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 760,0 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,2 мың гектарға артты.

Көктемгі дала жұмыстарына 7 317 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды.

Сондай-ақ, биылғы жылы егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін 52,4 мың тонна тыңайтқыш алу жоспарланса, бүгінгі күні шаруашылықтар тарапынан 11,0 мың тонна тыңайтқыштар алынып, 29,9 мың гектарға ендірілді.

Дала жұмыстарына облыстағы 57 шаруашылық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша 553,3 млн. теңге несие алды.


Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша