5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Жүзімнің бабын тапқан бағбан

Жүзімнің бабын тапқан бағбан

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылының тұрғыны Әбдухалық Исаевтың негізгі мамандығы құрылысшы. Алайда қазір білікті бағбан. Түркия, Испания, Өзбекстан сынды елдерге арнайы сабақ алған. 2018 жылдан бастап бағбаншылықпен айналысатын «Bal Kausar» ЖШС басшысын агроном деуге болады. Бұған дейін Қазығұрт, Мақтарал аудандарына жүзім өсірген әмбебап директор енді өзі туып-өскен Ордабасы ауданында интенсивті жүзім бағын отырғызған. 

«Аграрлық несие корпорациясының қаржысына 2020 жылы 10 гектар жерге жүзімнің 7 сортын ектік. Ең негізгісі – қызғылт тайфи. Көшетті Сарыағаштағы тәлімбақтан алдық. Жүзім екпей тұрып нарықты зерттедік. Сөйтсек қарапайым дастархан басында ең бірінші жүзім желінеді екен. Жүзім көп жылдық өсімдік қой, бірден жеміс бермейді, алғашқы өнімін 2023 жылы береді деп ойлап отырмыз», - дейді «Bal Kausar» ЖШС басшысы Әбдухалық Исаев. 

Күтімі дұрыс болса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Тамырын суықтан қорғау үшін күзде техниканың көмегімен көміліп, көктем шыға қайтадан ашылады. Бірақ кәсіпорын басшысы биыл жүзімдіктің 10 пайызын көмбей сынақтан өткізіп көрмекші. Тиімді несиемен табысты агробизнес бастаған кәсіпкер осылайша экологиялық таза, нитраттан ада сапалы өніммен ішкі нарықтағы тапшылықты жоюға үлес қоспақ.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамытуға тиімді шартпен несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.