5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

«Жаңа Әлемнің» жаңа қоймасы

«Жаңа Әлемнің» жаңа қоймасы

Қазақстанда жыл сайын шамамен 270 мың гектар жерге көкөніс және бақша дақылдары егіледі. Бұдан жылына 4,5 млн тонна көкөніс жиналады, бұл ішкі нарық сұранысын толық қамтамасыз етеді. Алайда ала жаздай аяқ астында қалатын көкөністің бағасы күн күрт суыта шарықтап кететіні бар. Себебі оны көктемге дейін сақтайтын қойма жеткіліксіз. Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданындағы «Жаңа Әлем» шаруа қожалығы дәл осы олқылықтың орнын толтыруға кірісіпті.

«Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен 3200 тонналық жаңа көкөніс қоймасын салдық. Мұны өз күшімізбен сала алмас едік. «Агробизнес» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алдық. Бұл қойма өзімізден бірге өңірдегі қожалықтар үшін де таптырмас орынға айналды. Жыл сайын 74 га жерге бау-бақша дақылын егеміз. Енді сол уылжып жаңа піскен өнімді сақтайтын қоймамыз бар», - дейді кәсіп иесі Анатолий Кан. 

Қойма заманауи желдеткіш қондырғысымен қамтылған. Маңдай термен жиналған өнімді бұзбай сақтау үшін ылғал пен қалыпты температура автоматты түрде реттеледі. Агроферманың қыс бойы сақталатын берекелі өніміне сұраныс көп. Әзірге ол өңірден артылмай жатыр. Болашақта басқа өңірге де өнімін шығаруы мүмкін. Аграрлық несие корпорациясының Батыс Қазақстан филиалы бұған дейін сыйымдылығы 6 мың тонна болатын екі қойманың құрылысына қаржы бөлген. Енді міне үшіншісі іске қосылды.