5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Жарты жылда жемісін берген жоба

Жарты жылда жемісін берген жоба

Саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған Сәкен Момынов зейнетке шыққан соң кәсібін басқаша бағытқа бұрған. Қазір Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Үштөбе ауылындағы «Úshtóbe Qus» ЖШС директоры. Аграрлық несие корпорациясынан биылғы алғашқы жартыжылдықта қаржылай қолдау тапқан нысанның бірі осы. 

«Үш адам бірігіп осы шағын қүс фермасын аштық. Аграрлық несие корпорациясының 20 млн теңге несиесіне Өскеменнен құсқа қажетті азық сатып алдық. Бір мезетте инкубациялық шкафтан 3600 балапан шығарамыз. Құс етін бекерге таңдамадық. Себебі оны екі айдың ішінде сатуға болады», - дейді кәсіпорын директоры Сәкен Момынов

Үштөбе ауылындағы құс етін өндіретін жалғыз ферма қазір күніне 7 мың тауық сояды. Әзірге, жергілікті нарыққа салқындатылған құс етін шығарып отыр. Ендігі мақсат – ірі сауда желісімен тығыз байланыста жұмыс істеу. Бұл үшін өндіріс көлемін арттыруды жоспарға енгізген. Айтпақшы, құс етін нарыққа шығаруға ысылған серіктестік жақында халал сертификатын алыпты.

Сурет: goferma.ru