5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Жеке кәсіпке жол ашқан

Жеке кәсіпке жол ашқан

Жеке құрылыс компаниясында азды-көпті еңбек еткен ақтөбелік Айдос Әулетов жеке кәсіп ашуға бел буған. Аграрлық несие корпорациясының Ақтөбедегі филиалымен кеңесіп жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. 2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасы» аясында корпорацияның көмегіне жүгінді. Бұл қаржыға бетон кірпіш өндіретін технологиялық жабдық сатып алды.

«Ең әуелі мені несие пайызының төмендегі қызықтырды. Небәрі жылдық 6%, қарзды өтеудің кестесі де ыңғайлы екен. Жалпы, өзіме жұмыс істеу, табысты болу туралы бұрыннан армандайтынмын. Аллаға шүкір! Ендігі жоспар - үлкен цех ашу, жаңа жұмыс орындарын құру. Қазір қарамағымда 6 адам еңбек етеді», - дейді жас кәсіпкер.

Бүгінде цехтің кірпіштері Ақтөбе қаласында үлкен сұранысқа ие. Қазір ірілі-ұсақты көптеген кәсіпкермен келісім-шартқа отырған. Бұл сапалы құрылыс материалдары облыста кеңінен танылып келеді. Мінекей, осылайша 32 жастағы жас кәсіпкердің арманының орындалуына Аграрлық несие корпорациясы үлес қосты.

Айта кетейік, Аграрлық несие корпорациясы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына жатпайтын өзге салаға несие берген. Бұл еңбек өнімділігін арттыру және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Корпорацияның басқа да бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.