5115

Call-Орталығы 5115 (Kcell/Activ абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Нұр-Сұлтан қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Жылқы өсіру - табысты кәсіп

Жылқы өсіру - табысты кәсіп

Қазақстан жылқының саны жөнінен әлемде 6-орында. Бізде 3 млн 118 мың жылқы бар. Болашақта бұл статистика әлі де өзгереді. Себебі елімізде жылқы өсіруге ден қойғандар жыл санап артып келеді. Сыр өңірінің Қазалы ауданында тұратын Тілек Байтоғанұлы да бірыңғай жылқы бағуға кіріскен. 2004 жылы Жанқожа батыр ауылында «Асан Тілек» шаруа қожалығын құрған фермер әу баста сиыр мен аздаған жылқы ұстапты. Алайда сиырдан гөрі жылқы бағу тиімді екенін білген ол мемлекеттің қолдауына иек артқан. 

«2021 жылы Аграрлық несие корпорациясының Қызылорда филиалына жүгініп, жеңілдетілген несие рәсімдедім. Осы маңайдан 60 бас бие сатып алдым. Биыл біразы құлындады, келесі жолы барлығы туады деп отырмыз. Неге жылқы десеңіз, жылқы қысы-жазы өрісте, жем-шөпті мол жинаудың қажеті жоқ. Жылқы етін өндіру әлдеқайда тиімді. Біз қымыз емес, тек жылқы етін сатуды жөн көрдік. Техникамыз, жеріміз бар, қазір қыстың азығын жинап алдық. Қосымша 500 га жерді жалға алдым», - дейді Тілек Байтоғанұлы.

Қожалық иесінің бірінші мамандығы зооинженер, екіншісі биология пәнінің мұғалімі, қазір мектепте сабақ береді. Сол себепті, жылқыны қарауға бір адамды жалдаған. Қамбар ата түлігі қазір арнайы қоршауда бағылады, екі-үш сайын оны фермер түгендеп қояды. Айтпақшы, құрық ұстаған кәсіп иесі биыл алғашқы төлін сатпақ. Қазір нарықта бір жабағы кемінде 250 мың теңге тұрады. Демек, шаруаның сиырды азайтып, жылқыны көбейтуге неліктен кіріскені айтпаса да түсінікті. 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Несиелеу бағдарламасы мен филиалдың байланыс нөмірін agrocredit.kz сайтынан көруге болады.