2026 жылғы 26 ақпаннан бастап ауыл шаруашылығы тәуекелдерін ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларының бір бөлігін субсидиялауға өтінімдер қабылдау ашылды. Ерікті сақтандыру жүйесі аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер келесілерді сақтандыра алады: – жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін қуаңшылықтан; – көпжылдық екпелерді (алма ағаштарын); – алма өнімін; – ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, шошқа) және құсты. Бұл ретте сақтандыру сыйақысының 80%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады, ал 20%-ын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өз қаражаты есебінен төлейді. Қуаңшылықтан суарылмайтын жерлерді (2 және 3 кезеңдер) сақтандыру шартына өтінім беру мерзімдері: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстары үшін: – дәнді дақылдар — 2026 жылғы 1 сәуірге дейін; – майлы дақылдар — 2026 жылғы 15 сәуірге дейін. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Жетісу облысы үшін: – дәнді және майлы дақылдар — 2026 жылғы 27 ақпанға дейін (қоса алғанда). Көпжылдық екпелер мен алма өнімін сақтандыруға өтінім беру мерзімдері: көпжылдық екпелерді (алма ағаштарын) сақтандыру — 2026 жылғы 31 қазанға дейін; алма өнімін сақтандыру — 2026 жылғы 1 наурызға дейін. Фермер сақтандыруға өтінімді АӨК саласындағы сақтандырудың ақпараттық онлайн жүйесі арқылы, Kezekte.kz платформасында бере алады.
28.04.2026 Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады.