Аграрлық несие корпорациясының клиенттері – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары «Парыз» ұлттық сыйлығының лауреаттары атанды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» сыйлығының Гран-приін Ақжар ауданынан «Ақ-Ниет-Агро» ЖШС-гі жеңіп алды. Компания корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсеткен және өңірдің аграрлық секторын дамытуға елеулі үлес қосқан. Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша Мамлют ауданынан «Қос Ағаш» ЖШС-гі ???? 2-ші орынды иеленді. Кәсіпорын тиімді әлеуметтік әріптестік, қызметкерлерге қамқорлық және ашық еңбек қатынастарының үлгісін көрсетті. Жамбыл облысындағы «Әулие-Ата Феникс» ЖШС «Алтын сапа» иегері атанды. «Әулие-Ата Феникс» ЖШС «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы жеңіп алды. Өз кезегінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша Қызылорда облысындағы «Асыл дән LTD» ЖШС-ін марапаттады. Сонымен қатар өңделген ет өнімдерін шығаратын Ақмола облысындағы «Бижан» ет өңдеу кешені» ЖШС-гі де марапатқа ие болды. Клиенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
27.04.2026 2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды
16.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады