1408 бірыңғай нөмірі бұрын тек «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша ғана консультация берсе, енді басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша да ақпараттандырады. Атап айтқанда: ✔️ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ✔️ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ✔️ «Экспорт-кредит агенттігі» АҚ ✔️ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ✔️ Qazaqstan Investment Corporation ✔️ «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ – заң мәселелері бойынша ✔️ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ✔️ «ҚазАгроҚаржы» АҚ секілді холдингтің еншілес компаниялары сұраққа жауап беруге дайын Байланыс орталығының операторлары қазір жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды таңдауға көмектеседі және қажет болған жағдайда нақты мамандарға қосады. Жоба «Бәйтерек» холдингінің цифрландыру стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр және клиенттерге деген сервисті дамытудағы маңызды қадам.
17.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады