Құрметті клиенттер! Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін жалғасатынын хабарлайды. Акцияға осы акция кезеңінде берешегі болған және сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушылары – заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. Қатысушылар қарызды өсімпұлсыз өтей алады. Өсімпұлды есептен шығару қарыз алушы төмендегілерді толық өтеген кезде ғана жүргізіледі: мерзімі өткен сыйақы сомасы; мерзімі өткен негізгі борыш сомасы; айыппұл сомасы. Әрбір қатысушы акцияны тек бір рет пайдалана алатынын еске саламыз. Акцияға қатысу үшін 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына қаржы аудару арқылы мерзімі өткен берешекті өтеу қажет. Клиент 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына ақша аудару арқылы қарызды өсімпұлсыз өтей алады. Аграрлық несие корпорациясы қарызыңызды тиімді шарттармен өтеп тастауға көмектеседі! Толық ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан оқи аласыздар. Сондай-ақ 5353 (Kcell, Activ, Beeline) және +7 775 007 68 07 (Tele2, Altel) Call-орталық нөмірлері бойынша білуге болады.
16.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады