Облыс орталығында отандық және шетелдік инвесторларды, бизнес өкілдері мен мемлекеттік басқару органдарын біріктіретін "TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM–2025" халықаралық инвестициялық форумы өтуде. Аграрлық несие корпорациясының атынан форум жұмысына Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев қатысты. Форум аясында өңірдің қолданбалы өнер бұйымдары, туристік нысандар, ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ Түркістан облысында іске асырылып жатқан бірқатар ірі инвестициялық жобалар ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен "Түркістан – Қазақстанның жаңа инвестициялық циклінің драйвері" тақырыбында пленарлық отырыс өтті. Пленарлық сессияда Аграрлық несие корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев баяндама жасады. “Түркістан – Қазақстанның жаңа инвестициялық циклінің драйвері” пленарлық отырысында Айдын Досқараев баяндама жасады. “Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді қаржыландыру мен олардың технологияларға қолжетімділігін кеңейте отырып, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асырады. Бес жыл ішінде несие беру көлемі бес есе өсті. 2025-жылы біз Түркістан облысына 43 млрд теңгеден астам қаржы бөлдік, оның 28,2 млрд теңгесі көктемгі егін егу жұмыстарына берілді", - деп атап өтті А.Досқараев. Аграрлық несие корпорациясы өңірлердің инвестициялық әлеуетін нығайту және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуды қолдау жұмысын жалғастырады.
17.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады