Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

2025 жылғы 9 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-тың эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.

2025 жылғы 11 қыркүйекте Moody’s Ratings халықаралық рейтинг агенттігі мерзімдік шолуды аяқтап, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-тың ұзақ мерзімді рейтингін шетел валютасында «Baa2» және ұлттық валютада «Aa3.kz» деңгейінде, сондай-ақ «Тұрақты» болжамымен растады.

Рейтингтердің расталуы мыналарды көрсетеді:

  • Қазақстан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін негізгі қаржы институты ретіндегі Қоғамның стратегиялық рөлі;
  • соңғы жылдары несие операциялары ауқымының тұрақты өсуі;
  • қызметтің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдаудың болуы.
Қазақстан Республикасы BBB/ Тұрақты Ваа2/ Тұрақты

chat-bgov

Кеңес ал!