Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Қарыз алу үшін құжаттар тізбесі

Қарыз алушы үшін

Құжат атауы

Ескертпе

Қоғам филиалында/ОА-да толтырылатын/қол қойылатын құжаттар:

1

Қаржыландыруға өтініш.

Түпнұсқа

2

Заңды тұлғалар үшін «Өз клиентіңді біл» сауалнамасы.

Түпнұсқа

Жеке тұлғалар ШҚ/ФҚ/ЖК үшін «Өз клиентіңді біл» сауалнамасы.

3

Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есеп беруге келісімі (өтініш берген күнге); Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроларға ол туралы ақпарат беруге келісімі (шарт жасасқан күнге).

Түпнұсқа

4

Қарыз алушының (клиенттің) өзіне берілген қарыздар туралы ақпаратты және олар бойынша міндеттемелерді орындау туралы барлық мәліметтерді (өтініш берген күнге) үшінші тұлғаларға беруге келісімі.

Түпнұсқа

Қарыз алушы үшін

Құжат атауы

Ескертпе

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР:

1

Мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлік/анықтама (БСН көрсете отырып), жарғы*, құрылтай шарты (егер Жарғыда қатысушы/лар туралы, сондай-ақ оның Жарғыдағы үлесінің мөлшері туралы толық ақпарат болмаса).

Көшірме

АҚ/ЖШС үшін(тіркеуші жүргізетін қатысушылар тізілімін жүргізу ):

– барлық акционерлерді/қатысушыларды және оларға тиесілі акциялардың/үлестердің санын көрсете отырып, өтініш берілген күнге дейін 1 (бір) айдан ерте емес бағалы қағаз ұстаушыларының тізілімдері жүйесінен/қатысушылар тізілімінен үзінді көшірме.

Түпнұсқа

Қарыз алушыда 10%-дан астам үлесі бар қатысушылар болған жағдайда, мыналар қажет:

жеке тұлғалар үшін - мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, кредит менеджері цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын жеке басты куәландыратын құжаттар;

− заңды тұлғалар үшін - құрылтай құжаттары немесе акцияларды (қатысу үлестерін) ұстаушылар тізілімі (бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін).

Электрондық құжат/көшірме**

көшірме

ӨК/ӘКК үшінқосымша :

1) қамтамасыз етуді ұсыну/кепілдік беру туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның уәкілетті органын шақыру тәртібінің сақталуын растайтын құжаттар (тиісті шешім қабылдау бойынша құқық (өкілеттіктер) берілген адамдардың қатысу кворумы болмаған кезде).

– Кооператив мүшелерінің үлеске (пайға) құқықтарын растайтын құжаттар, егер Кооператив мүшесі жарна салмаған жағдайда, жеке өзі ұсынады:

– негізінде Кооператив мүшесінің үлесі (пайы) жаңа меншік иесіне ауысқан құжаттар (пайды (үлесті) сатып алу-сату/сыйға тарту/айырбастау шарты);

– сатып алудағы артықшылықты құқықтың сақталуын растайтын құжаттар - Кооператив мүшесі болып табылмайтын азаматқа пайды (оның бір бөлігін) беру кезінде;

– пайдың құнын төлегенін растайтын құжаттар - пайды өтеулі сатып алу кезінде.

Көшірме

Қатысушылар – шетелдік заңды тұлғалар болған жағдайда, 1.2- тармақ бойынша құжаттар міндетті түрде болу талабымен ұсынылады (заңдарда және/немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда):

− құжаттарға апостиль қою;

− құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармасы.

Түпнұсқа

2

Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, кредит менеджері цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын бірінші басшының жеке куәлігі (ЖСН көрсетіле отырып); бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігі (егер шетелдік азамат басшысы болса).

Қарыз алушының уәкілетті органының атқарушы органды құру туралы, АҚ Директорлар кеңесін сайлау/тағайындау және басшыны тағайындау туралы шешімі / Қарыз алушының атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға оның өкілеттігін растайтын уәкілетті тұлғаға берілген сенімхат.

Электрондық құжат/көшірме**

көшірме

көшірме

3

Қарыз алушының соңғы тоқсандағы және соңғы екі есепті жылдағы қаржылық есептілігі, баланс баптарының мағынасын аша отырып (баланс, пайда мен залал туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдың өзгеруі туралы есеп)****** және/немесе Қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттарда орналастырылған ақпарат; аудиттелген қаржылық есептілік болған жағдайда.

көшірме

4

Есепті тапсырғаны туралы Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жыл үшін салық декларациясы немесе электрондық растау.

көшірме

5

Қызмет көрсетуші банктен соңғы 12 айдағы ай басындағы және аяғындағы ақшаның кіріс және шығыс қалдықтарын көрсететін шоттардың, кредиттік/мерзімі өткен берешектің, айналымның бар-жоғы туралы, К-2 бойынша берешектің болуы/болмауы туралы анықтама (анықтама беру мерзімі жобаны КК қарайтын күнге дейін 3 айдан ерте емес).

Түпнұсқа

6

Қарыз алушының өтініш берілетін күннің алдындағы соңғы есептік тоқсанға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама немесе салық қызметі органдары берген салыстыру актісі.

Түпнұсқа

7

Қарыз алушының уәкілетті органының қарыз алуға жүгіну, соттан тыс сатуға құқық бере отырып, мүлікті кепілге беру, кепілдік беру, кепілгерлік беру туралы шешімі, қатысушылардың қолдарының түпнұсқалығын нотариалды куәландыра отырып.

Егер ЖШС қатысушыларының немесе заңды тұлғаның өзге де уәкілетті органдарының жалпы жиналысында қатысуы 100% - дан кем болған жағдайда, қатысушының осындай хабарламаны алғаны туралы белгісі бар қатысушыларды алдағы жиналыс туралы тиісті хабардар етілгенін растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Егер ЖШС 100 және одан да көп қатысушыдан тұрса, күн тәртібін көрсете отырып, жалпы жиналыс өткізу туралы хабарландыру болған баспа басылымын ұсыну қажет.

Егерзаңдытұлға10жәнеодандакөпқатысушыдантұратынболса,ондашешімдежалпыжиналыстөрағасыменхатшысыныңқолығананотариаттықкуәландыруғажатады.

Түпнұсқа

8

Мемлекеттік лицензия (егер Қарыз алушы жүзеге асыратын қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша лицензиялауға жататын жағдайда) (бар болса).

Көшірме

9

Бизнес-жоспар немесе растаушы құжаттарымен бірге қарыз берудің техникалық-экономикалық негіздемесі немесе мынадай мәліметтерді көздейтін, төмендегілермен шектелмей, Қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар:

- кредитті пайдалану мақсатын көрсете отырып, қызмет сипаттамасы;

- қарыз алушының өткізу нарықтары мен маркетингтік стратегиясы;

- тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;

- жылдар бойынша егжей-тегжейлі қаржылық жоспар (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес-жоспарды қаржыландыру және кредитті өтеу көздері мен көлемі) және шығындар сметасы (шағынкәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда).

Түпнұсқа

10

Электрондық цифрлық қолтаңбаны алғаны туралы хабарлама***

Көшірме

11

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның объектiнiң санатын айқындау туралы шешiмi және Экологиялық бағалау жүргізу туралы қорытынды/Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы/экологиялық рұқсат/декларация, егер жоспарланған қызмет түрі ҚР Экологиялық кодексінің*** №1 және №2-қосымшаларына сәйкес қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін қызмет және объект түрлеріне жататын болса (қажет болған жағдайда)*****.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қаржыландыру кезінде бұл құжаттар талап етілмейді.

Түпнұсқа/

электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында

ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҚТАРЫ / ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР (ШҚ/ФҚ/ЖК):

1

Өтініш берушінің/қарыз алушының ШҚ/ФҚ/ЖК/ӨС ретінде заңды мәртебесін растайтын құжаттар (ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама/куәлікке қосымша/ өтініш берушілер жіберген хабарламалар туралы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме/ШҚ/ФҚ жүргізу үшін берілген жер теліміне құжаттар, бірлескен қызмет туралы шарт және басқалары).

Ескерту: қосымша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурстында «Салық төлеушілерді іздеу» режимінде өтініш берушінің/қарыз алушының құқықтық мәртебесін тексеру қажет.

Көшірме

2

Жергілікті атқарушы органның шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығындағы немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы жер телімін (телімдерін) беру туралы шешімі, жер телімін/телімдерін жалдау (сатып алу-сату) туралы шарт және жеке меншік не уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына акт.

Көшірме

3

Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграция болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, кредиттік менеджер цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын ШҚ/ЖК басшысының жеке куәлігі, ШҚ бірнеше мүшелері болған жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграция болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда кредиттік менеджер цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын ШҚ-ның барлық мүшелерінің жеке куәліктері;

Электрондық құжат/көшірме**

4

Есепті тапсырғаны туралы Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жыл үшін салық декларациясы немесе электрондық растау.

Көшірме

5

Қызмет көрсетуші банктің соңғы 12 айдағы ай басындағы және аяғындағы ақшаның кіріс және шығыс қалдықтарын көрсететін шоттардың, кредиттік/мерзімі өткен берешектің, айналымның бар-жоғы туралы, К-2 бойынша берешектің болуы/болмауы туралы анықтамасы (анықтама беру мерзімі жобаны КК қарайтын күнге дейін 3 айдан ерте емес).

Түпнұсқа

6

Қарыз алушының өтініш берілетін күннің алдындағы соңғы есептік тоқсанға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама немесе салық қызметі органдары берген салыстыру актісі.

Түпнұсқа

7

Қарызды тартуға (кепілдік беруге) ШҚ/ФҚ мүшелерінің жалпы жиналысының хаттамасы, оның сомасын, мерзімін және нысаналы пайдаланылуын көрсете отырып және ШҚ/ФҚ мүшелерінің қолдарының түпнұсқалығын нотариалды куәландыра отырып (егер ШҚ/ФҚ басшысы қызметті жеке кәсіпкерлік негізінде жүзеге асыратын жағдайда, шешімді ұсыну талап етілмейді).

ЕгерШҚ/ФҚ 10 және одан да көп мүшеден тұратын болса, онда хаттамада ШҚ/ФҚ басшысы мен жиналыс хатшысы қолының түпнұсқалығы нотариалды түрде куәландыруға жатады.

Түпнұсқа

8

Бизнес-жоспар немесе растаушы құжаттарымен бірге қарыз берудің техникалық-экономикалық негіздемесі немесе мынадай мәліметтерді көздейтін, төмендегілермен шектелмей, Қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар:

- кредитті пайдалану мақсатын көрсете отырып, қызмет сипаттамасы;

- қарыз алушының өткізу нарықтары мен маркетингтік стратегиясы;

- тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;

- жылдар бойынша егжей-тегжейлі қаржылық жоспар (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес-жоспарды қаржыландыру және кредитті өтеу көздері мен көлемі) және шығындар сметасы (шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)*******.

Түпнұсқа

9

Электрондық цифрлық қолтаңбаны алғаны туралы хабарлама ***

Көшірме

10

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның объектiнiң санатын айқындау туралы шешiмi және Экологиялық бағалау жүргізу туралы қорытынды/Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы/экологиялық рұқсат/декларация, егер жоспарланған қызмет түрі ҚР Экологиялық кодексінің*** №1 және №2-қосымшаларына сәйкес қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін қызмет және объект түрлеріне жататын болса (қажет болған жағдайда)*****.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қаржыландыру кезінде бұл құжаттар талап етілмейді.

Түпнұсқа/

электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында

Кепіл беруші үшін

Құжат атауы

Ескертпе

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР:

1

Мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлік/анықтама (БСН көрсете отырып), жарғы*, құрылтай шарты (егер Жарғыда қатысушы/лар туралы, сондай-ақ оның Жарғыдағы үлесінің мөлшері туралы толық ақпарат болмаса).

Көшірме

АҚ/ЖШС үшін(тіркеуші жүргізетін қатысушылар тізілімін жүргізу ):

- барлық акционерлерді/қатысушыларды және оларға тиесілі акциялардың/үлестердің санын көрсете отырып, өтініш берілген күнге дейін 1 (бір) айдан ерте емес бағалы қағаз ұстаушыларының тізілімдері жүйесінен/қатысушылар тізілімінен үзінді көшірме.

Түпнұсқа

Кепіл берушіде 10%-дан астам үлесі бар қатысушылар болған жағдайда, мыналар қажет:

- жеке тұлғалар үшін - мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, кредит менеджері цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын жеке басты куәландыратын құжаттар;

- заңды тұлғалар үшін - құрылтай құжаттары немесе акцияларды (қатысу үлестерін) ұстаушылар тізілімі (бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін).

Электрондық құжат/көшірме**

көшірме

ӨК/ӘКК үшінқосымша :

1) Қамтамасыз етуді ұсыну/кепілдік беру туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның уәкілетті органын шақыру тәртібінің сақталуын растайтын құжаттар (тиісті шешім қабылдау бойынша құқық (өкілеттіктер) берілген адамдардың қатысу кворумы болмаған кезде).

2) Кооператив мүшелерінің үлеске (пайға) құқықтарын растайтын құжаттар, егер Кооператив мүшесі жарна салмаған жағдайда, жеке өзі ұсынады:

– негізінде Кооператив мүшесінің үлесі (пайы) жаңа меншік иесіне ауысқан құжаттар (пайды/үлесті) сатып алу-сату/сыйға тарту/айырбастау шарты;

– сатып алудағы артықшылықты құқықтың сақталуын растайтын құжаттар - Кооператив мүшесі болып табылмайтын азаматқа пайды (оның бір бөлігін) беру кезінде;

– пайдың құнын төлегенін растайтын құжаттар - пайды өтеулі сатып алу кезінде.

Көшірме

Қатысушылар – шетелдік заңды тұлғалар болған жағдайда, 1.2- тармақ бойынша құжаттар міндетті түрде болу талабымен ұсынылады (заңдарда және/немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда):

− құжаттарға апостиль қою;

құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармасы.

Түпнұсқа

2

Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, кредит менеджері цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын бірінші басшының жеке куәлігі (ЖСН көрсетіле отырып); бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігі (егер шетелдік азамат басшысы болса).

Қарыз алушының уәкілетті органының атқарушы органды құру туралы, АҚ Директорлар кеңесін сайлау/тағайындау және басшыны тағайындау туралы шешімі / Қарыз алушының атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға оның өкілеттігін растайтын уәкілетті тұлғаға берілген сенімхат.

Электрондық құжат/көшірме**

көшірме

көшірме

3

Кепіл берушінің уәкілетті органының мүлікті (кепіл затының жалпы белгілерін (сәйкестендіру сипаттамаларын) көрсете отырып), оны соттан тыс өткізуге құқық бере отырып кепілге беру туралы, кепілдік беру, кепілгерлік беру туралы шешімі, қатысушылардың қолдарының түпнұсқалығын нотариалды түрде куәландыра отырып.

Егер ЖШС қатысушыларының немесе заңды тұлғаның өзге де уәкілетті органдарының жалпы жиналысында қатысуы 100% - дан кем болған жағдайда, қатысушының осындай хабарламаны алғаны туралы белгісі бар қатысушыларды алдағы жиналыс туралы тиісті хабардар етілгенін растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Егер ЖШС 100 және одан да көп қатысушыдан тұрса, күн тәртібін көрсете отырып, жалпы жиналыс өткізу туралы хабарландыру болған баспа басылымын ұсыну қажет.

Егер заңды тұлға 10 және одан да көп қатысушыдан тұратын болса, онда шешімде жалпы жиналыс төрағасы мен хатшысының қолы ғана нотариалды куәландыруға жатады.

Кепіл берушінің уәкілетті органының болашақта меншікке түсетін мүлікті кепілге беруге арналған шешімінде (жабдық, техника, айналымдағы тауарлар түрінде (биоактивтер түрінде) жабдықтың, техниканың, тауардың атауын, санын, құнын, тауарларды сақтау орнын, сондай-ақ кепіл берушінің кепілге берілетін жабдыққа, техникаға, тауарларға құқығын растайтын құжаттар (жеткізу, сатып алу-сату шарттары және басқа құжаттар) көрсетіле отырып, жабдықты, техниканы, айналымдағы тауарларды (биоактивтер түрінде) кепілге беру туралы шешім бір мезгілде қабылданады.

Түпнұсқа

4

Қызмет көрсетуші банктің деректемелерін көрсете отырып, одан алынған шоттың болуы туралы анықтама****

Түпнұсқа

ШАРУА(ФЕРМЕР)ҚОЖАЛЫҚТАРЫ/ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР(ШҚҚ/ЖК):

1

Өтініш берушінің/қарыз алушының ШҚ/ФҚ/ЖК/ӨС ретінде заңды мәртебесін растайтын құжаттар (ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама/куәлікке қосымша/ өтініш берушілер жіберген хабарламалар туралы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме/ШҚ/ФҚ жүргізу үшін берілген жер теліміне құжаттар, бірлескен қызмет туралы шарт және басқалары).

Ескерту: қосымша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурстында «Салық төлеушілерді іздеу» режимінде өтініш берушінің/қарыз алушының құқықтық мәртебесін тексеру қажет.

Көшірме

2

Жергілікті атқарушы органның шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығындағы немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы жер телімін (телімдерін) беру туралы шешімі;

Көшірме

3

Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграция болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, кредиттік менеджер цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын ШҚ/ЖК басшысының жеке куәлігі, ШҚ бірнеше мүшелері болған жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграция болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда кредиттік менеджер цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын ШҚ-ның барлық мүшелерінің жеке куәліктері.

Электрондық құжат/көшірме**

4

ШҚ/ФҚ мүшелерінің жалпы жиналысының мүлікті кепілге беру (мүліктің атауын, оның орналасқан жерін, санын (кепіл нысанасын), мәнін, мөлшерін немесе кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемені орындаудың ең жоғары сомасы мен мерзімін көрсете отырып) және оны соттан тыс өткізуге құқық беру туралы хаттамасы, ШҚ/ФҚ барлық мүшелерінің қолдарының түпнұсқалығын нотариалды куәландыра отырып.

Егер кепіл нысанасы ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі болып табылған жағдайда, некені тіркеу туралы куәлік (көшірме) және ШҚ/ФҚ басшысының-зайыбының мүлікті кепілге беру (мүліктің атауын, оның орналасқан жері мен санын көрсете отырып) және оны соттан тыс өткізу туралы нотариалды куәландырылған келісімі (түпнұсқа) немесе кепіл берушінің кепіл затын сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариалды куәландырылған өтініші (түпнұсқа).

ШҚ/ФҚ мүшелерінің жалпы жиналысының болашақта меншікке түсетін мүлікті кепілге беруге арналған хаттамасы (биоактивтер түрінде) бір мезгілде жабдықтың, техниканың, тауардың атауын, санын, құнын, тауарларды сақтау орнын, сондай-ақ кепіл берушінің кепілге берілетін жабдыққа, техникаға, тауарларға құқығын растайтын құжаттарды (жеткізу, сатып алу-сату шарттары және басқа құжаттар) көрсете отырып, жабдықты, техниканы, айналымдағы тауарларды (биоактивтер түрінде) кепілге беру туралы шешім қабылданады.

Түпнұсқа

5

Қызмет көрсетуші банктің деректемелерін көрсете отырып, одан алынған шоттың болуы туралы анықтама****

Түпнұсқа

Кепіл беруші/Кепілгер – жеке тұлға үшін:

Құжат атауы

Ескертпе

1

Бөлімшенің кредиттік менеджері цифрлфқ құжаттар сервисі арқылы алатын жеке басты куәландыратын құжат: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі / паспорты; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат; азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда).

Электрондық құжат/көшірме**

2

Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып, субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, кредит менеджері цифрлық құжаттар сервисі арқылы алатын жұбайының/зайыбының жеке куәлігі (ЖСН көрсетіле отырып). Некені тіркеу туралы куәлік.

Электрондық құжат/көшірме**

көшірме

3

Егер кепілге ұсынылатын мүлік ортақ бірлескен меншікте (ерлі-зайыптылардың меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге меншік) болса, жұбайының, барлық ортақ меншік иелерінің кепілге қоюға және кепілді соттан тыс тәртіппен сатуға нотариалды куәландырылған келісімі (мүліктің атауын, оның орналасқан жерін және санын, сондай-ақ негізгі қамтамасыз етілген міндеттемені көрсете отырып) немесе кепілді сатып алу және беру сәтінде кепіл беруші некеде тұрмаған жағдайда оның өтініші.

Ескерту:

қорғаншылықжәне қамқоршылық органының жазбаша келісімі - түпнұсқа (егер кәмелетке толмаған балалар немесе сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп таныған азаматтар тең меншік иелері болып табылса;

ерлі-зайыптылар арасында жасалған неке шарты - нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер мұндай шартта жұбайының қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлікке дербес билік ету құқығы айқындалса);

ерлі-зайыптылар арасында жасалған ортақ мүлікті бөлу туралы келісім (нотариалды куәландырылған көшірме) (егер мұндай келісімде қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлікке билік етудің өзге режимі айқындалған жағдайда (яғни ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік режимі емес).

Түпнұсқа

4

Қызмет көрсетуші банктің деректемелерін көрсете отырып, одан алынған шоттың болуы туралы анықтама****

Түпнұсқа

Ескерту:

*Қоғамда (филиал/ОА) құрылтай құжаттары болған жағдайда, осындай құжаттардың көшірмесін және құрылтай құжаттарына соңғы өзгерістер туралы уәкілетті органның анықтамасының түпнұсқасын ұсыну жеткілікті.

**Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен салыстырылады және мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған немесе технологиялық құралдарды пайдалана отырып, субъектіні сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда ғана қабылданады.

***КК оң шешімінен кейін ұсынылады.

****кепіл құны 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын немесе 50 000 000 теңгеге баламалы немесе одан асатын шетел валютасындағы сомаға тең кепілмен қамтамасыз етуді (жылжымайтын мүлік түрінде) кепілге қабылдаған кезде (кепіл құны бойынша бұл талап кепілгерге қолданылмайды).

*****Қарыз алушының ҚР Экологиялық кодексінің нормаларында көзделген рұқсат беру және өзге де құжаттарды ұсыну қажеттілігін айқындау жөніндегі Қоғамның сараптама бөлімшесінің заңды қорытындысы кредиттік бөлімшенің қызметтік жазбасы (№9-қосымша), қаржыландыруға арналған өтініш (№2-қосымша) және қарыз алушы/өтініш беруші ұсынатын құжаттар негізінде жасалады.

******Қаржыландыру сомасы 750 млн теңгеден жоғары Даму арқылы кепілдендіру шеңберінде КДжәнеЕЖЖ қаржыландыруға арналған жобалар бойынша, кредиторлық және дебиторлық берешектің расшифровкасы жыл басына және соңғы есепті күнге берешектің пайда болу күні, жоспарланған өтеу күні және берешек мәні көрсетіле отырып ұсынылады.

Кредиторлық және дебиторлық берешектің, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) расшифровкасы қарыз алушының (кәсіпкердің) мөрімен куәландырылуға тиіс.

*******Қаржыландыру сомасы 750 млн теңгеден жоғары Даму арқылы кепілдендіру шеңберінде КДжәнеЕЖЖ қаржыландыруға арналған жобалар бойынша, қосымша қарыз алушының соңғы тоқсандағы жағдай бойынша қаржылық құжаттары (берешектің пайда болу күні, жоспарланған өтеу күні және берешектің нысанасы көрсетіле отырып, кредиторлық және дебиторлық берешектің расшифровкасымен, негізгі құралдардың, ТМҚ расшифровкасы), соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп ұсынылады.