Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
about-2

Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттары бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда корпорация құны 552,6 млрд теңге болатын 467 инвестициялық жобаны қаржыландырды.

2023 жылдан бастап ірі инвестициялық жобаларды қарау процесін жеңілдету мақсатында Корпорация жобаларды қараудың екі кезеңдік рәсімін енгізді.

Қаржыландыру сомасы 500,0 млн теңгеден асатын инвестициялық жобаларды қарау процесі

1 кезең

Бірінші кезеңде индикативтік шарттарды айқындау үшін құжаттардың ең аз пакеті негізінде индикативтік сараптама жүргізіледі. Бірінші кезеңде әлеуетті қарыз алушылардың өтінімдерін қабылдау және қарау тәртібі: қауіпсіздік сараптамасы; кепілмен қамтамасыз ету құнын айқындау (шығусыз); технологиялық циклдің негізділігі, бағалардың барабарлығы, инфрақұрылымды бағалау бөлігінде құрылыс-салалық сараптама; бизнес орнына баратын индикативтік сараптама; тәуекел-менеджментпен келісу; екінші кезеңде қарау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау.

2 кезең

Екінші кезеңде өтініш беруші мен инвестициялық жобаны қаржыландыру мүмкіндігіне қарау және талдау жүргізіледі. Екінші кезеңде әлеуетті қарыз алушылардың өтінімдерін қарау тәртібі: кепілге ұсынылатын мүлікті қарап тексерумен кепілмен қамтамасыз ету сараптамасы; Заң сараптамасы; құрылыс-салалық сараптама; екінші кезеңдегі несиелік сараптама; несиелік тәуекелдерді сараптау; қаржыландыру туралы шешім қабылдау.