Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

Корпорацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды өткізуге жауапты бөлімше – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қауіпсіздік департаментінің парағына қош келдіңіздер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Корпорацияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес, сондай-ақ жалпы шаралары қарастырылған жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін алдын алу мен жолын кесуге, сондай-ақ оларды тудырушы себептер мен шарттарды жоюға  бағытталған уақытылы және барабар шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша Корпорацияның қызметін үйлестіру мақсатында Корпорацияда алқалы сабағаттық-кеңесші орган – Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын кесу комиссиясы әрекет етеді. Комиссия тоқсан сайын Корпорацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген жұмыс туралы есептерді қарастырады.

Оның сыртында, ашықтық пен жариялықты жүзеге асыру мақсатында, барлық филиалдардың кеңселеріндегі ақпараттық тақталарда несие бағдарламалары туралы түсіндірмелер жарияланған, осы жерде өтініштерді қабылдау жәшігі де орналасқан (құлыпталған). Ақпараттық тақталарда сенім телефонының нөмірі көрсетілген (телефон соғу тегін).

Корпорацияның сенім телефоны – 8 (7172) 55-99-96. Өтініштерді Қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері қабылдайды.

Қауіпсіздік департаментінің негізгі міндеттері:

  1. Корпорацияда сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және алдын алу.
  2. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Корпорация сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының орындалуын бақылау.
  3. Корпорация қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
  4. Сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тексерулерді өткізу.

Кез келген тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін немесе Корпорация қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық белгілерін анықтаған жағдайда, Қауіпсіздік департаментіне 8(7172)55-99-12 байланыс телефоны, 8(7172)55-99-96 сенім  телефоны немесе сайт арқылы жүгіне алады.

Сайт арқылы хабарлама жолдау үшін Сіз Авторландырылған өтініш нысанын толтыруыңыз қажет.

Өзіңіздің жеке мәліметтеріңіз көрсетілмеген хабарламаны жолдау үшін Сіз Жасырын өтініш нысанын толтыруыңыз қажет.

Қауіпсіздік департаменті өзіне жасырын өтініштерді «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарастыруға қабылдау/қабылдамау құқығын қалдырады.

Антикоррупционная политика АО "Аграрная кредитная корпорация"

Құрметпен, Қауіпсіздік департаменті