5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Сыртқы аудит

1. Сыртқы аудитордың атауы: «КПМГ Аудит» ЖШС.

2. Сыртқы аудит саясаты: Саясаттың мақсаты сыртқы аудиторды тарту бойынша қызметті тиімді ұйымдастыру, оларды таңдау бойынша жалпыға ортақ рәсімдерді енгізу, Қоғамның сыртқы аудиторлардың аудиторлық және аудиторлық емес қызметтерді ұсыну барысында тәуелсіздіктері мәртебесін сақтауын қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысына жол бермеу болып табылады.

3. Сыртқы аудитордың аудиторлық қызметтерден өзге де көрсететін қызметтері тізімі: «КПМГ Аудит» ЖШС қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша ғана қызмет көрсетеді.

4. Сыртқы аудиторды тағайындау және компания органдарының онымен өзара іс-қимылдары процесінің сипаттамасы: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Қоғамның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруды регламенттейтін ішкі құжатында көзделген тәртіппен келесі рәсімдер жүзеге асырылады:

1) сыртқы аудитор қызметтерін сатып алу рәсімдерін жүргізу;

2) сыртқы аудиторды және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау;

3) аудит жүргізуге арналған шарт жасау;

Аудитті жүргізуге арналған шарт Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жасалады.

5. Сыртқы аудитормен қарым-қатынастың ұзақтығы:

Қоғам 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №010340000953еер2112034/00 жасалған шарт негізінде 2022-2023 жылдардағы қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша "КПМГ Аудит" ЖШС-мен шарттық қатынастарға түсті.

Сыртқы аудитордың тәуелсіздігін сақтауға қатысты рәсімдер мен қағидалар "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-да сыртқы аудитті ұйымдастыру саясаты" қоғамының ішкі нормативтік құжатында жазылған.

"Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-да сыртқы аудитті ұйымдастыру саясаты