Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Құс етінің импортын азайтқан
Маңғыстау облысында 725 мың адам тұрады. Өңір халқы орта есеппен 11,5 мың тонна тауық етін тұтынады екен. Мұның жартысы аймақтар мен алыс-жақын шетелден тасымалданады. Түпқараған ауданындағы «Ақтау Агро» ЖШС дәл осы олқылықтың орнын толтыруға кіріскен. 2021 жылы құс етін өндіретін фабрика ашу үшін Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. Маңғыстау облысы бойынша филиалы арқылы несие рәсімдеп, бройлер тауығын өндіретін өңірдегі жалғыз ірі өндіріс ашты. 

«Маңғыстауға тауық еті негізінен Алматы облысынан келеді, әр келісіне 20-30 теңгеден айналады. Жеткізудің біраз қиындығы да бар. Біз салқындатылған тауық етін өндіреміз, таңертеңгі балғын өнім түстен кейін дүкен сөрелеріне түседі. Біздің өңірде сырттан келген ет көп, 2-3 ай бұрын дайындалғанын көруге болады. Ал біздікі үнемі балғын ет. Кәсіпорын жылына 5 мың тоннаға дейін құс етін өндіре алады», - дейді технолог Мұрат Бердіғожин. 

Алайда қазір фабрика толық қуатына шықпаған, 80%-ға жұмыс істеп тұр. Айына 300 тонна тауық етін өндіреді. 16 құсханадан тұратын бірегей инвестициялық жоба құрама-жемді де өздері дайындайды. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетуге сеп. Енді мекиендер ұстап, айына 400 мың дана инкубациялық жұмыртқа шығармақ. Ең бастысы, суы тапшы, климаты қатал өңірде мемлекеттің қолдауымен азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып отыр.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады. Толық кеңесті облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан филиалдардан ала аласыздар. Филиалдар сайтта көрсетілген.