Сақтандыру процесі Kezekte.kz платформасы арқылы онлайн режимінде жүргізіледі. Құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім беру (2 фаза және 3 фаза): дәнді дақылдар үшін 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін; майлы дақылдар үшін 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін; Сақтандыру өнімінің негізгі шарттары: топырақтағы ылғал тапшылығы индексінің 2 фазалық сақтандыру өнімі үшін: сақтандыру кезеңі 2024 жылдың 15-маусымнан 14-қыркүйегіне дейін; сақтандыру сомасының 4%-ы сақтандыру тарифі; ең жоғары сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасының 33%-ын құрайды. топырақтағы ылғал тапшылығы индексінің 3 фазалық сақтандыру өнімі үшін: сақтандыру кезеңі 2024 жылдың 15-мамырынан 14-қыркүйегіне дейін; сақтандыру сомасының 6,1% сақтандыру тарифі; ең жоғары сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасының 48%-ын құрайды. Келесі аймақтардың фермерлері егіндерін сақтандыра алады: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облыстары.
27.04.2026 2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды
16.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады