Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Агрожобаларды қаржыландыруға 182 млрд теңгеден астам сома бағытталды

Аграрлық несие корпорациясы 2022 жылдың алғашқы жарты жылдығында аграрлық салаға 182 млрд теңгеден астам сома бағыттады.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында корпорацияның желісі бойынша 7900-ден астам жобаны қаржыландыруға 182,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы биыл агробизнесті дамытудың басым бағыттары бойынша 330 млрд теңгенің несиесін беру көзделген.

Корпорация несиелеуді «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» атты үш бағдарлама бойынша жүргізеді. «Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарына несие береді. Биылғы жартыжылдықта аталған бағдарлама аясында 2,5 мыңнан астам диқанға жалпы сомасы 70 млрд теңгеге тең қаржы бөлініп, 3,7 млн гектардан астам егістік алқап игерілді.

Бұған қоса, 70 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Корпорация шотқа ақша түскенге дейін көктемгі егіс және күзгі жиын-терін науқанына несиені қаражатынан берді. Бұл мақсатқа 18,8 млрд теңгеге тең 609 несие берілді, кейін бұл несие бюджет қаржысымен алмастырылады. Жалпы, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлініп отыр.

Корпорацияда құрал-жабдыққа, оны жаңартуға, құрылыс-монтаж жұмыстары мен айналым қаражатын толтыруға арналған «Агробизнес» әмбебап бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бойынша биылғы 6 айдың ішінде 2900 шаруаға 98,1 млрд теңгенің несиесі берілген (соның ішінде «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген қаражат). Бұл қаржыға 19,2 мың ірі қара, 70,5 мың бас ұсақ мал, 34 мың жылқы және 1766 дана агротехника мен құрал-жабдық сатып алынған.

Ісін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Іскер» бағдарламасы аясында 861 жобаны жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді.

«Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты биылғы Жолдауында алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі түбегейлі шешілуі тиістігін және көктемгі егіс науқанын қатаң бақылауда ұстау керектігін тапсырған еді. Біз бұл бағытта талмай еңбек етіп келеміз. 2022 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс пен күзгі жиын-терінге 88,8 млрд теңге бөлінген. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қаржыландыру сомасы екі есе өсті», - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Қарыз алушы корпорацияның аймақтық филиалдарына немесе орталық аппараттағы менеджердің кеңесіне жүгіну керек. Егер клиент несие алуға шешім қабылдаса, несие менеджері қажетті құжаттар тізімін жинап, өтініш қабылдайды. Несие алуға өтінімді қабылдау мерзімі – 30 күн.

Несие мал шаруашылығына, егіншілікті дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларына беріледі. Несиелеудің бір бағыты тауарлы-сүт фермаын құру және жаңғырту. ШҚО, Шемонаиха ауданындағы «Рулиха» ЖШС дәнді дақылмен бірге, ірі қара малын өсіруге ысылған. 2004 жылы құрылған қожалық малды жыл он екі ай бойы ұстайтын бірегей кешені саналады. 2017 жылы тауарлы-сүт фермасын қайта құруды бастады. Аграрлық несие корпорациясының қаржысына тауарлы-сүт фермасына қажетті қондырғылар мен голштино-фриз тұқымды сиыр сатып алған. Бүгінде сүтті бағыттағы ірі қара саны 600-ге жетті, ферма иесі мал басын 1800-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл нысанның жобалық қуаты жылына 3600 тонна сүт өндіру.

Ірі жобалармен қатар, корпорация шағын және орта бизнеске де несие береді. Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Үштөбе ауылындағы «Úshtóbe Qus» ЖШС айналым қаражатын толтыруға қаржы алған. 2021 жылы ашылған кәсіпорын күніне 7 мың бройлер сояды. Әзірге, жергілікті нарыққа салқындатылған құс етін шығарып отыр. Атыраулық Байғали Сақып корпорация қаржысына ауданы 600 шаршы метр шағын жылыжай салуға арналған құрал-жабдықты және тамшылатып суару жүйесін сатып алды. Бүгінде «Ақниет» ЖК қала тұрғындарын қиярмен қамтамасыз етуде.

«Жалпы, корпорация тікелей несие беру арқылы іске асырылатын несиелеу бағдарламалары шеңберінде 57,9 млрд теңге берілді, қаржы институттарын қорландыру арқылы (несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар) 124,6 млрд теңге берілді. 2022 жылдың алғашқы жарты жылында ең көп несие алған өңірлер – Ақмола (36 млрд тг), Қостанай (31,2 млрд тг) және Солтүстік Қазақстан (25,3 млрд тг) облыстары, - дейді корпорацияның Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Сонымен қатар, 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап корпорация АӨК саласында агросақтандыру бойынша агенттік қызметті атқаруда. Соңғы 3 жылда агросақтандыруға деген қызығушылықтың артқан. Мәселен, 2020 жылы 93 келісім жасалса, биылғы жарты жылда 184 сақтандыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Міне, осылайша небәрі 6 айда 308 мың га алқап пен 60 мыңнан астам төрт түлік сақтандырылды. Әрі биылғы жарты жылда төленген субсидия көлемі 500 млн теңгеден асты. Бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, сақтандыру шартын Qoldau.kz платформасы арқылы онлайн жасауға болады.

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде Қоғам «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында сенім білдірілген өкілі қызметін атқарып отыр. Қаладан және өзге де елді мекеннен ауылдық жерлерге тұру үшін келген мамандарға тұрғын үй сатып алу және салу үшін бюджет несиесі беріледі. Бағдарлама шарты бойынша 1500 АЕК (4,4 млн. теңге) несие 0,01% пайызбен 15 жылға дейін беріледі. Алғашқы жартыжылдықта осы мақсатқа 568 млн теңге сомасына 127 несие берілді.

Анықтамалық ақпарат:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.

Фото: mobillegends.net