2025-жылдың 8-желтоқсанынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2026-жылғы маусымға жаздық дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыру полистерін субсидиялауға өтінімдер қабылдауды қайта бастады. Бағдарлама аясында сақтандыру сыйақысының 80% -ын мемлекет жабады, ал фермер тек 20%-ын төлейді. Сақтандыру суарылмайтын жерлер үшін жүргізіледі (2 және 3 кезең). Өтініш беру мерзімі аймаққа байланысты: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, Абай және Ұлытау облыстары: дәнді дақылдар – 2026-жылдың 1-сәуіріне дейін; майлы дақылдар – 2026-жылдың 15-сәуіріне дейін. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстары: Дәнді және майлы дақылдар – 2026-жылдың 15-ақпанына дейін. Өтінімді Kezekte.kz платформасындағы АӨК онлайн сақтандыру жүйесі арқылы беруге болады. Жеке кабинетте фермер егістіктерді көрсетуі керек, сақтандыру компаниясын таңдауы тиіс, шарт жасасуы және сақтандыру сыйақысының 20%-ын төлеуі қажет. Қалған бөлігін мемлекет сақтандырушыға субсидиялар түрінде аударады. Бағдарлама ықтимал құрғақшылық жағдайында фермерлер үшін тәуекелдерді азайтуға және жаздық дақылдар өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
27.04.2026 2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды
16.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады